АІХ биржасында гендерлік теңдікке арналған акция өтті

04 Наурыз 2022

Astana International Exchange (“AIX”, “Биржа”) әйелдердің әлемдік экономикаға қатысуын ынталандыратын және орнықты дамуға ықпал ететін серіктестік – “Ring the Bell for Gender Equality” бастамасына қатысты.

Топ-менеджменттерінде әйелдер негізгі рөлдерді атқаратын АІХ сауда мүшелерінің өкілдері мен серіктестер Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында АІХ-те сауда-саттықты салтанатты түрде іске қосты.

АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Бизнесте, басқаруда, қоғамда әйелдерге құрмет көрсете отырып, біз іс жүзінде анағұрлым инклюзивті қоғамды және барлық азаматтар үшін әділ әрі тең мүмкіндіктерге ұмтылыстарды құрметтейміз. Гендерлік теңдік және өмірдің барлық салаларына әйелдердің табысты қатыстырылуы экономикалық өнімділікті арттыруға, келесі ұрпақ үшін нәтижелерді жақсартуға және шешімдер қабылдау мен саясаттар таңдауды анағұрлым өкілдікті тұрғыдан атқаруға ықпал етеді.

АІХ-те жұмыс істейтін әйелдердің саны 51% құрайды, олар басшы лауазымдардың, соның шінде АІХ топ-менеджменті мен Директорлар кеңесіндегі лауазымдардың төрттен бірін атқарады.

Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады.Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді:: www.aix.kz
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
Ring the Bell for Gender Equality – халықаралық әйелдер күні және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын ілгерілету құрметіне, дүние жүзіндегі қор биржаларының сауда-саттықты ашу және жабу бастамасы. Әріптестікке, гендерлік теңдік пен тұрақты дамуға жәрдемдесу үшін әйелдер мен жеке бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шарты (United Nations Global Compact), Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Тұрақты биржалар бастамасы (The SSE initiative), Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ-Әйелдер» (UNWomen), Дүниежүзілік биржалар федерациясы және ETF-тегі әйелдер кіреді.