Astana International Exchange («AIX», «Биржа») әйелдердің әлемдік экономикаға қатысуын ынталандыруға және орнықты дамуға ықпал етуге бағытталған серіктестік – «Ring the Bell for Gender Equality» жаһандық бастамасына төртінші рет қатысты.
UN Women («БҰҰ – әйелдер») ұйымы 2023 жылғы Халықаралық әйелдер күнінің тақырыбын – «DigitAll: гендерлік теңдікке арналған инновациялар мен технологиялар» деп жариялады. Бұл тақырып барлық адамзат үшін тұрақты болашақ құру мақсатында климаттың өзгеруіне бейімделу, бұл құбылысқа ден қойып, оның салдарын жұмсарту ісінде жетекші рөл атқаратын бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздардың үлестерін көрсетеді.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында цифрлық басқару, бизнес пен инновациялар, цифрлық сауаттылық және дағдыларды дамыту саласында мол тәжірибесі бар Қазақстанның цифрлық индустриясының көшбасшы әйелдері AIX-те сауда-саттықты салтанатты түрде іске қосты.
AIX Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Әсел Мұқажанова:
«AIX-те біз әйелдерді қор нарығы үшін нақты құндылығы бар идеяларды қалыптастыруға және цифрлық қызметтерді әзірлеуге ынталандыруға ғана емес, сонымен қатар жалпы Қазақстанның АТ, қаржы және корпоративтік басқару салаларында терең тамыр жайған әлеуметтік және гендерлік нормаларды елеулі түрде өзгертуге бағытталып отырмыз. Біз әйелдердің әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге инклюзивтілігін қолдаймыз және осы бағыттағы нәтижелерді көріп отырмыз. Жақында «ҚазМұнайГаз» ҰК IPO-сы кезінде инвестицияларға арналған AIX мобильдік қосымшасы Tabys-та әйел инвесторлардың саны 30%-дан 50%-ға дейін өскенін байқадық – біз мұндай нәтижелерге қуаныштымыз, бірақ одан әрі өсу үшін әлі де әлеует бар екенін түсінеміз.», – деп атап өтті.
AIX-тегі қызметкерлердің шамамен 58%-ы әйелдер. Біздің әйел қызметкерлердің үштен бірі AIX топ-менеджменті мен Директорлар кеңесінің өкілдерін қоса алғанда, басшылық лауазымдар атқарып отыр.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері – АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-тің сауда платформасын ұсынатын NASDAQ. Биржа өз қызметін ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осылайша инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыруды тартуға арналған нақты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан мен өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz