AIX Qazaq Index әдіснамасына сәйкес, Индекс Комитеті жұма, 1 сәуір күні Индексті тұрақты түрде тоқсандық қайта қарауды өткізді.
AIX Qazaq Index-те Индекстің құрамдастары қосылған жоқ немесе алынып тасталған жоқ. Ағымдағы нарықтық шарттарға және Polymetal (POLY) акцияларының қолжетімділігіне қатысты Индекс Комитеті мыналарға келісті:
- POLY-ді AIX Qazaq Index-те сақтау;
- егер POLY салмағы қатарынан бес күн бойы 20%-дан асатын болса, AIX Qazaq Index-ті төтенше қайта теңгерімдеуді жүргізбеу;
- мамыр айының басында жағдайды қайтадан бағалау.
AIX Qazaq Index-тің құрамдық бөліктері мен үлестік салмақтары 2022 жылғы 1 сәуірде жұмыс күні аяқталған кезде күшіне енеді:
| Компаниялар | Үлестік салмағы |
| Halyk Bank | 15.00% |
| NAC Kazatomprom | 15.00% |
| Kaspi | 15.00% |
| Polymetal | 15.00% |
| Kcell | 10.58% |
| KazTransOil | 9.04% |
| Central Asia Metal | 9.01% |
| Kazakhtelecom | 8.83% |
| Bank CenterCredit | 2.54% |
| TOTAL | 100% |