AIX Qazaq Index индексінің негізінде биржалық ноталардың екі түрі АІХ-те листингтелді

20 Қыркүйек

Astana International Exchange (бұдан әрі – AIX немесе Биржа) «Halyk Finance» АҚ-пен (бұдан әрі – Halyk Finance) ынтымақтастықта AIX Qazaq Index (AIXQI) индексімен байланыстырылған биржалық ноталардың («ETN», «Ноталар») екі түрі листингтелетіні туралы қуана хабарлайды:

  • AIX Qazaq Index (QZP) – AIXQI индексімен анықталатын пропорцияларда қазақстандық акцияларға өз аз активтерінің барлығын дерлік инвестиялайтын пассивті инвестициялық тәсілді  биржалық нота;
  • AIX Qazaq Index Active (QZA) – AIXQI индексіне, сонымен қатар АІХ-те листингтелген басқа да бағалы қағаздарға енгізілген бағалы қағаздарға қаражатын салатын инвестициялық менеджердің белсенді басқаруы есебінен AIXQI индексінен озуды көздейтін, белсенді басқарылатын инвестициялау құралы.

Ноталардың екі түрі үшін де инвестициялық менеджер Halyk Finance болады, ол инвестицияларды басқаруға өзінің танылған тәжірибесін әкеледі және өзінің кең клиенттік базасының арасында ETN-дарды ілгерілетеді.

АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Қазақстандық капитал нарығын дамыту міндеттемемізді ескере отырып, бұл екі биржалық нотаны іске қосу жаңа кезеңді бастайды – енді қазақстандық анағұрлым өтімді акцияларға оңай инвестициялауға болады. Қазақстандық танылған Halyk Finance инвестициялық компаниясы жүзеге асыратын инвестициялық басқарудың арқасында, барлық жергілікті және шетелдік инвесторлар бұл бірегей инвестициялық мүмкіндіктерді қазақстандық экономикамен қоса өз капиталынның өсуін қамтамасыз ету үшін пайдалана алады».

Halyk Finance басқармасының төрағасы Фархад Охонов былай деп атап өтті:

«Біз AIX Qazaq Index индексіне байланыстырылған алғашқы құралдарды нарыққа шығару бастамасының бір бөлігі болғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл екі ETN-ды іске қосу инвесторлар үшін қазақстандық акция нарығына салудың қосымша тиімді тәсілдерін жасап қана  қоймайды, сонымен қатар осы нарыққа қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді, ал бұл екіншілікті нарықта үлестік құралдардың өтімділігін арттырады».

ETN-дардың екеуі де инвесторлар үшін Tabys мобильді қосымшасында қолжетімді.

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/