2021 жыл нәтижелері бойынша АІХ-тегі сауда көлемі 2020 жылғы көрсеткіштен 5 есе асты
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2021 жылға арналған қорытынды нәтижелерін қуана хабарлайды. Желтоқсан айындағы сауда көлемі елеулі түрде өсіп, алдыңғы жылғы 9,3 миллион АҚШ долларымен салыстырғанда, 13,89 миллион АҚШ долларына жеткенін қуана хабарлайды. Жалпы алғанда 2021 жылы сауда көлемі 2020 жылғымен салыстырғанда 5 есе өсті.
AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:
«2021 жылғы қарашада Astana International Exchange-де сауда іске қосылғанына үш жыл толды. Бұл уақыттың жартысынан көбін пандемия мен әлемдік қор нарықтарындағы дағдарыс алғанымен, біздің әсерлі табыстарға жетуіміздің сәті түсті. Мәмілелер көлемі бес еседен аса өсті, бағалы қағаздар саны 130-дан асты, ал бөлшек сауда инвесторларының шоттары 160 мыңға жетті. АІХ 2022 жылға өршіл жоспарлар қойып отыр, олар биржаны дамудың жаңа сатысына шығарып, Қазақстанның инвестициялық ландшафтын одан әрі жақсартуға ықпал ететін болады».
2021 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша АІХ нәтижелері:
- АІХ-тің ресми тізіміне 2 биржалық қор (ETF) мен 16 биржалық нотаны (ETN) қоса, әртүрлі 84 эмитенттің 131 бағалы қағазы кірді.
- Тартылған борыштық капитал көлемі $1,27 млрд құрады және меншікті капитал көлемі $321 млн құрады.
- АІХ-те үлестік құралдарының листингі бар компаниялардың (Қазатомөнеркәсіп, Polymetal, Қазақстанның Халық Банкі, Ferro Alloy Resources Limited, Kcell, ЦентрКредит Банкі, Kaspi.kz) жалпы нарықтық капиталдануы $48 млрд-тан асты.
- Қазақстан, Ресей, Қытай және еуропалық елдердің брокерлерін қоса, 29 сауда мүшесінің АІХ-тің орталық депозитарийінде 160 мыңнан аса шоты бар.
АІХ—тегі 2021 жылғы ірі орналастырулар:
- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың жалпы көлемі $500 млн құрайтын бес жылдық еурооблигацияларын AIX-те, Қазақстандық қор биржасында және Лондон қор биржасында дебюттік орналастыру.
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың Лондон қор биржасында листингтелген $6,25 млрд жалпы сомасындағы облигацияларының кросс-листингі.
- Еуразиялық банктің $100 млн сомасындағы облигацияларын шығару және 20 млрд теңге сомасының әлеуметтік облигацияларын дебюттік шығару.
- «Самұрық-Энерго» АҚ-тың 18,4 млрд теңге сомасындағы жасыл облигацияларын дебюттік орналастыру.
- BI Group құрылыс холдингінің еншілес компаниясы — «Мегастрой» ЖШС облигацияларының 15,9 млрд теңге жалпы сомасын құрайтын үш орналастырылымы.
2021 жылғы қазан айында АІХ-тің ресми тізіміне Kaspi.kz холдингінің жай акциялары кірді. Сауда-саттыққа жіберілген Kaspi.kz акцияларының жалпы саны — 199,5 млн дананың 192,1 млн данасы. Сонымен, қаржылық-техникалық холдингтің еркін айналымдағы жай акцияларының 96%-ға дейіні АІХ-те саудаланады.
2021 жылғы шілдеде АІХ-те AIX Qazaq Index (AIXQI) биржалық индексі іске қосылды, ол бизнесі Қазақстанмен байланысты компаниялардың акцияларының көрсеткіштерін өлшейді және нарықтық капиталдандыру бойынша өлшемді индекс болып табылады. Индекстің құрамына сегіз қазақстандық компанияның АІХ-те, Қазақстандық қор биржасында және Лондон қор биржасында саудаланатын акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттары кірді.
Бөлшек сауда инвесторлары
2021 жылы Қазақстанда бөлшек сауда инвесторлар санының айтарлықтай өсуі байқалды. Егер 2020 жылдың аяғына АІХ-тің Бағалы қағаздар орталық депозитарийінде (AIX CSD) сауда инвесторларының 98 мың шоты болса, 2021 жылдың аяғына қарай – шоттардың саны 160 мыңға жетті.
АІХ-те бөлшек сауда инвесторларының белсенділігі артуына Tabys мобильді қолданбасын іске қосу ықпал етті, ол арқылы ҚР азаматтары биржалық ноталарға инвестициялай алады. Tabys-қа инвестициялар көлемі 2021 жылдың аяғына $2,6 млн, ал соңғы 12 ай ішінде сауда көлемі $4,8 млн құрады. Қолданбада биржалық ноталарды сақтау үшін AIX Registrar-да жеке тұлғалар үшін 15 мың шот ашылды, олардың 5 мыңы Tabys қолданбасын белсенді пайдаланушылар болып табылады.
Жаңа құралдар мен қызметтер
- 2021 жылғы желтоқсанда iX Bitcoin биржалық нотасы шығарылды, оның базалық активтері биткойнға фьючерстердің динамикасын қадағалап отыратын ең ірі қорлардың бірі – ProShares Bitcoin Strategy ETF (BITO) акциялары болып табылады. Бұл Орталық Азиядағы криптовалютаға байланыстырылған алғашқы биржалық құрал.
- 2021 жылғы мамыр айында iX NASDAQ 100 Equities биржалық нотасы шығарылды, ол АҚШ-тың технологиялық компанияларының бағалы қағаздары кіретін NASDAQ 100 индексінің динамикасын қадағалайды.
- АІХ-те Halyk Finance-пен ынтымақтастықта AIXQI индексіне байланыстырылған екі биржалық нота листингтелді, олар: AIXQI индексімен анықталатын пропорциялармен қазақстандық акцияларға инвестиялайтын пассивті инвестициялық тәсілді биржалық нота және белсенді басқаруы есебінен AIXQI индексінен озуы көзделетін, белсенді басқарылатын нота.
- Сонымен қатар Freedom Finance-пен бірлестікте «Fixed Income USD» жергілікті интервалдық инвестициялық үлеспұл қорының кірістілік көрсеткіштерімен байланыстырылған Freedom Finance IUIF Fixed Income USD биржалық нотасы листингтелді.
- Freedom Finance IUIF Fixed Income USD-пен ынтымақтастықта «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ, «ЦентрКредит Банкі» АҚ және «Kaspi Bank» АҚ акцияларының көрсеткіштеріне байланыстырылған Kaz Financials биржалық нотасы шығарылды.
AIX – өз маркетмейкерлеріне сенімді операциялық орта мен тәуекелдерді басқару жүйесінің шеңберінде қысқа позицияларды жабу үшін бағалы қағаздармен кредиттеу қызметтерін көрсету ұсынатын фронтирлік нарықтағы аздаған биржалардың бірі. АІХ-тің бағалы қағаздарды кредиттеу бағдарламасы бойынша жасалған мәмілелер көлемі ол іске қосылған сәттен бастап 2020 жылы $730 мың немесе 9 түрлі атаудағы 1,167 мың бағалы қағаз құрады.
2021 жылғы желтоқсаннан бастап бұрын жай акцияларын ашық саудада өткізбеген, бірақ жай акцияларын жеке орналастыруда сатқан компаниялар, қолданыстағы акционерлерге өз акцияларын сатуға мүмкіндік беру мақсатында «тікелей листинг» арқылы өздерінің жай акцияларын AIX тізіміне енгізе алады.Тікелей листинг — акцияларды бастапқы жария орналастыру (ІРО) дәстүрлі процесінің шеңберінде компанияның капитал тартусыз қор нарығынашығуына мүмкіндік беретін процесс. Эмитент акцияларды әлеуетті инвесторларға өтінімдер кітабын жинау арқылы әдетте белгілі бір дисконтпен сататын ІРО-дан айырмашылығы, тікелей листинг кезінде бастапқы сатуларды бар акционерлер Биржа арқылы сауда-саттық режимінде жүзеге асырады, ал бағалар АІХ сауда-саттығының қағидаларына сәйкес сатып алуға және сатуға берілген өтінімдердің сәйкес келуі негізінде анықталады.
Халықаралық ынтымақтастық
2021 жылы АІХ биржалар мен клирингтік орталықтардың жаһандық салалық қауымдастығы болып табылатын және WFE-нің толыққанды мүшелері болып табылатын 68 биржаны қоса, нарық инфрақұрылымының 250-ден аса қатысушысын біріктіретін Дүниежүзілік биржалар федерациясына («WFE», World Federation of Exchanges) толыққанды мүше ретінде қабылданды. Бұл мүшелік АІХ-ті әлемдегі жетекші биржалардың ең жоғары стандарттарына жауап беретін нарық ретінде тағы бір рет тану болып табылады және инновациялық және серпінді жергілікті капитал нарығын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Анықтама:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша мәлімет www.aix.kz сайтында қолжетімді.
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/