AIX Partners Awards 2025 сыйлығы Биржа экожүйесіне үлес қосқан қатысушылардың жетістіктерін атап өтті

13 февраля 2026

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») AIX Partners Awards 2025 сыйлығының жеңімпаздарын жариялады. Сыйлық AIX экожүйесінің дамуына маңызды үлес қосқан серіктестерді 18 номинация бойынша атап өтті.

Бұған дейін сыйлық негізінен брокерлік компанияларды қамтитын. Алайда Биржа мен оның инфрақұрылымының дамуымен қатар формат кеңейтіліп, енді сауда мүшелері, кастодиандар, кеңесшілер және басқа да негізгі серіктестерді қоса алғанда, нарық қатысушыларының кең ауқымының үлесін көрсетеді. Олардың біліктілігі мен қызметі капитал нарығының тұрақты дамуына ықпал етеді.

AIX Partners Awards 2025 лауреаттары:

  • Жаңа өнімдерді іске қосу бойынша көшбасшы — «SQIF Capital» АҚ
  • Үлестік құралдар нарығындағы үздік брокер — «Halyk Finance» АҚ
  • Борыштық құралдар нарығындағы үздік брокер — Freedom Finance Global PLC
  • Инвестициялық банкинг саласындағы үздік команда — «BCC Invest» АҚ
  • Жеке инвесторлармен жұмыс істеу бойынша көшбасшы — Teniz Capital Brokerage Ltd.
  • Үздік қаржылық кеңесшілер командасы — OD Consulting Ltd.
  • Қосарланған листинг бойынша жергілікті серіктес — «Skybridge Invest» АҚ
  • Жыл коллаборациясы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
  • Жыл мәмілесі — China International Capital Corporation Limited
  • Еурооблигациялар бойынша үздік лид-менеджер — «ForteFinance» АҚ
  • Капитал тарту бойынша жыл серіктесі — «Freedom Finance» АҚ
  • Капитал нарығындағы инновациялар — Fonte Capital Ltd.
  • Қордың үздік құрылымдық шешімі — IPS Capital Ltd.
  • Құрылымдық өнімдер бойынша көшбасшы — The Ultima Global Markets Qazaqstan Limited
  • Жыл серіктесі — International Trading System Ltd.
  • Үздік кастодиан — «Citibank Kazakhstan» АҚ
  • Операциялық тиімділік көшбасшысы — «BCC Invest» АҚ
  • Биржадан тыс мәмілелер көшбасшысы — Qanat Invest Limited

AIX Басқарма төрайымы Әсель Мұқажанова былай деп атап өтті:

«AIX Partners Awards сыйлығы біздің экожүйеміздің қаншалықты кеңейгенін көрсетеді. Бүгінде Биржаның өсуі тек сауда белсенділігімен ғана емес, сонымен қатар өтімділікті арттыруға, нарыққа қолжетімділікті кеңейтуге және инвесторлардың сенімін нығайтуға ықпал ететін серіктестердің жиынтық үлесімен қамтамасыз етіледі. Біз AIX-тің ұзақ мерзімді дамуына және өңірлік капитал нарықтарының болашағын қалыптастыруға елеулі үлес қосып отырған қатысушыларды атап өтуге қуаныштымыз».


Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aix.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz