Astana International Exchange («AIX», «Биржа»), АІХ Бағалы қағаздар депозитарийі («AIX CSD») және Euroclear Bank кеңейтілген есеп айырысулар бойынша жаңа сервис іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды. Келісімге сәйкес институциялық инвесторлар Euroclear Bank-та айналымға жіберілген және АІХ-та саудаланатын шетелдік бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды Euroclear Bank-да ашылған өздерінің шоты арқылы (егер олар Euroclear Bank және АІХ қатысушылары болып табылса) немесе Euroclear Bank-тағы өздерінің кастодиандары арқылы жүзеге асыра алады.
Жаңа сервис халықаралық инвесторларға анағұрлым жоғары тиімділік ұсынады, өйткені бұл мәмілелерді енді Euroclear-дің мультивалюталық ортасында тікелей жасауға болады.
Кеңейтілген есеп айырысу бойынша қызмет көрсетуді алу үшін нарықтың мүдделі қатысушылары Euroclear Bank-қа AIX CSD олардың Euroclear Bank-тағы шоттарына қатысты есеп айырысулар бойынша нұсқаулар жіберу құқығына ие екендігі туралы сенімхат ұсынуы тиіс.
AIX CSD бас директоры Анна Колесниченко былай деп атап өтті:
«Біз Euroclear-мен келісімге қол жеткізгенімізге және барлық қажетті техникалық және заңгерлік талаптарды орындағанымызға және шетелдік институциялық инвесторларға шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа қызмет ұсына алатынымызға қуаныштымыз».
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша мәлімет www.aix.kz сайтында қолжетімді
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/