Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстандағы вертикалды интеграцияланған көшбасшы мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының («ҚМГ») жай акциялары («Акциялары») AIX-те листингтен өткенін қуана хабарлайды. Акциялар «KMG» тикерімен саудаланады және есеп айырысу теңгемен жүзеге асырылады.
CC-Invest, Freedom Finance, Halyk Finance, Sky Bridge Invest, Renaissance Capital және Wood and Co деп аталатын брокерлер IPO-ның ұйымдастырушылары және лид-менеджерлері болды. AIX-тің барлық басқа сауда мүшелері өтінімдер кітабына қол жеткізе алды және оны қалыптастыру процесіне қатысты. AIX басты назарын бөлшек инвесторлар базасына аударып, оларға AIX биржасы әзірлеген Tabys қосымшасы және «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы тікелей жазылым жасауға мүмкіндік берді.
Ренат Бектұров, AIX Басқарма төрағасы:
«IPO қорытындысы бойынша аллокацияның 96%-ға жуығы бөлшек және институционалдық қазақстандық инвесторлардың үлесіне тиесілі болды. Tabys қосымшасы және «Қазпошта» АҚ филиалдық желісі арқылы тікелей жазылым жөніндегі біздің шешіміміз арқылы бөлшек инвесторлардың қатысқанын үлкен жетістік деп санаймыз, цифрларға жүгінсек – 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 000-ға жуық өтінім алынды».
Анықтама үшін:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz