AIX Swift қауіпсіз бұлттық шешіміне қосылды

19 Маусым 2023

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Amazon Web Services (AWS) бұлттық жүйесінде Swift Alliance Cloud-қа қол жеткізгені туралы хабарлайды. Alliance Cloud – бұл Swift ғаламдық желісіне үздіксіз интеграцияны қамтамасыз ететін қауіпсіз бұлттық шешім.

Халықаралық қаржы экожүйесінің қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген Alliance Cloud – 11 000+ контрагенттері бар Swift желісіне, сондай-ақ хабарламалар алмасу қызметтеріне, стандарттарға және техникалық шешімдерге қосылуға арналған бірыңғай қорғалған бұлттық арна. Толық ауқымдалатын, өнімділігі жоғары, тұрақты жұмыс істейтін және қолжетімді, Swift қауіпсіздік стандарттарымен жабдықталған және икемді Alliance Cloud жалпы операциялық жүктемені төмендетуге көмектеседі.

Валерий Цой, AIX Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры:

«Alliance Cloud-қа қол жеткізу AIX-ке көптеген артықшылықтар береді, соның ішінде асқан икемділік пен ауқымдыққа жол ашады, операциялық тәуекелдер мен хостинг шығындарын төмендетеді, сондай-ақ инфрақұрылымның негізгі компоненттеріне қауіпсіз және тұрақты ортада техникалық қызмет көрсету және жаңартуды қамтамасыз етеді. Ол қаржы индустриясының реттеу талаптары мен стандарттарына сай бола отырып, төлем операцияларын жүргізудің қазіргі үлгісін жеңілдетуге және оңтайландыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz