AIX жаңа борыштық құрал – Коммерциялық қағаздарды ұсынады

16 июня 2022

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») жаңа құрал – Коммерциялық қағаздарды іске қоспақ. Биржаның Листинг қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.

Коммерциялық қағаздар – қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді борыштық міндеттеменің жалпы қабылданған түрі, оны компаниялар кредит қабілеттілігін растаумен, қысқамерзімді айналымдық капиталдағы өз қажеттіліктерін қаржыландыру үшін шығарады (жалақы төлеу, өнім берушілермен есеп айырысу, тауарлық-материалдық қорларды толықтыру, эмитенттің негізгі қызметімен байланысты басқа да операциялық шығыстар).

AIX бас директоры Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«АІХ биржасы айналымдық капитал тартудың тағы бір тез және экономикалық тиімді тәсілін қазақстандық бизнеске ұсынып отыр. Банк кредиттері мен қаржы институттарындағы қарыздар сияқты басқа ықтималды көздермен салыстырғанда, коммерциялық қағаздар анағұрлым төмен кредиттік мөлшерлеме бойынша қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ете алады. Бұл эмитенттердің қажеттіліктерін оңай қанағаттандыра алатын икемді қаржылық құрал».

Коммерциялық қағаздар кәсіби (аккредиттелген) инвесторларға кез келген номиналмен ұсыныла алады. Ұсыныс тек Аккредиттелген инвесторларға арналғанын ескере отырып, олар 100 000 АҚШ долларынан кем емес сомаға лоттармен сатылатын болады. Коммерциялық қағаздардың сатып алушылары ретінде корпорациялар, қаржы мекемелері, дәулетті жеке тұлғалар мен қысқамерзімді инвестициялар қорлары болады.

Коммерциялық қағаздар әдетте ағымдағы нарықтық кірістілікті көрсететін дисконтпен (номиналдан арзанырақ) орналастырылады. Коммерциялық қағаздарды өтеу мерзімі, әдеттегідей, бірнеше күнді құрайды, бірақ 365 күннен аспауы тиіс.

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

«Астана» халықаралық қаржы орталығы «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өз қызметін 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. https://aifc.kz/