AIX үздік брокерлерді марапаттады

24 Ақпан 2023

Astana International Exchange («AIX»,» Биржа») 2022 жылғы қызметін қорытындылады және 10 номинация бойынша Биржаның ең белсенді брокерлері мен қатысушыларын жариялады.

Үлестік құралдар бойынша үздік брокер (2022 жылғы акциялар мен депозитарлық қолхаттар бойынша AIX-тегі сауда-саттықтың ең жоғары көлемі үшін) – Freedom Finance АҚ және Freedom Finance Global

Борыштық құралдар бойынша үздік брокер (2022 жылғы облигациялар бойынша AIX-тегі сауда-саттықтың ең жоғары көлемі үшін) –  Freedom Finance АҚ және Halyk Finance АҚ

Бөлшек сегментті дамытқаны үшін – First Heartland Jusan Invest АҚ

Үлестік бағалы қағаздар бойынша инвестициялық банкингтің үздік командасы – Freedom Finance АҚ

Борыштық бағалы қағаздар бойынша инвестициялық банкингтің үздік командасы – First Heartland Jusan Invest АҚ

Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі үздік команда – BCC Invest АҚ және SkyBridge Invest АҚ

Жыл серпілісі (банк қосымшасын сауда-саттыққа қосқаны үшін) – Halyk Bank АҚ

«Белдеу және жол» бастамасының жалпы дамуына қосқан үлесі үшін – China International Capital Corporation Hong Kong Securities Limited

Үздік банк-кастодиан – Halyk Bank АҚ

Үздік жобалық серіктес («ҚазМұнайГаз» ҰК IPO-сы аясында тікелей жазылу жобасын іске асырғаны үшін) – «Қазпошта» АҚ

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері – АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-тің сауда платформасын ұсынатын NASDAQ. Биржа өз қызметін ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осылайша инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыруды тартуға арналған нақты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан мен өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу .www.aifc.kz