Astana International Exchange («AIX», «Биржа») AIX қызметінің 2023 жылғы нәтижелерін ұсынады.
Пайыздық мөлшерлеме жоғары болған ағымдағы нарықтық жағдайларға қарамастан, 2023 жыл көптеген параметрлер, соның ішінде листингтер саны, сауда-саттық көлемі және бизнес тартқан капитал көлемі бойынша AIX үшін рекордтық жыл болды.
AIX Басқарма төрағасы Әсел Мұқажанова:
«Күрделі нарықтық конъюктура мен геосаяси жағдайға қарамастан 2023 жыл AIX үшін өте жемісті болды, былтырғы жылы биржа айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. AIX-те біршама қарыз құралдары орналастырылды, соның нәтижесінде компаниялар $2 млрд қаражат жинады. Сауда айналымы бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетіп, жеке инвесторлардың есеп-шоттары күрт өсті.
Біздің мақсатымыз айқын – капитал нарығының тұрақты дамуына ықпал етіп, жергілікті және шетелдік компанияларға күрделі кезеңдерде тірек болып, бизнестегі мақсаттарына жетуге көмектесу», – деп атап өтті.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша AIX қызметінің нәтижелері:
- AIX ресми тізіміне 95 түрлі эмитенттің 150 бағалы қағаз шығарылымы кіреді.
- Биржа іске қосылған сәттен бастап тартылған борыштық капиталдың жалпы көлемі $4,2 млрд құрады, тартылған үлестік капиталдың көлемі $365 млн құрады.
- 2023 жылы AIX-те сауда-саттықтың жиынтық көлемі (акциялар, облигациялар, ETN, ETF) $582 млн құрады, бұл көрсеткіш 2022 жылы $173 млн болған, яғни былтырғымен салыстырғанда үш есе өсуді көрсетті. 2023 жылы акциялармен сауда-саттық көлемі де ең жақсы нәтиже көрсетіп, $130 млн құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсім.
- 37 сауда мүшесі, соның ішінде Қазақстан, Қытай және еуропа елдеріненің брокерлері.
- AIX Орталық депозитарийіндегі (AIX CSD) жеке азаматтардың есеп-шоттарының саны 1,5 миллионнан асты.
2023 жылы ең көп сатылған бағалы қағаздар Polymetal International (“Polymetal”) акциялары болды (AIX-тегі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 31.1%), олар 2022 жылмен салыстырғанда өз үлесін едәуір (2.5%) арттырды. «ҚазМұнайГаз» ҰК акцияларымен сауда-саттық 2023 жылғы акциялармен барлық сауда-саттықтың 30.7%-ын құрады. Үшінші орында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК акциялары мен ҒДҚ (18.2%).
Акциялармен сауда-саттықтағы бейрезиденттердің үлесі 31% құрады, бұл AIX-тің халықаралық мәртебесін айғақтайды.
AIX Qazaq Index биржалық индексі (Қазақстанда бизнес жүргізетін 10 компанияның бағалы қағаздары) 2023 жылы 948.36-дан 1217.38-тармаққа дейін өсті, бұл 28.37% өсімді көрсетті.
2023 жылғы AIX-тегі орналастырулар
Егер 2022 жылы AIX-те 14 қағаз листингтен өткен болса, 2023 жылы 63 листинг (56 борыштық бағалы қағаз және 7 үлестік) жүзеге асырылды.
2023 жылы $2 млрд борыштық капитал тартылды, бұл 2022 жылы тартылған борыштық капитал көлемінен 3,5 есе көп ($557 млн). AIX-те борыштық құралдарды орналастырған эмитенттер банк, тау-кен, көлік және логистика, құрылыс және финтех салалары.
Эмитенттердің географиясы кеңейіп келеді: 2023 жылы AIX ресми листингіне БАӘ, Люксембург, Ұлыбритания және Кипр компаниялары кірді.
Жаңа өнімдер
2022 жылдың соңында облигациялар шығару арқылы холдингтік компанияларды топ ішінде қаржыландыру үшін өтімділікті басқару құралы енгізілді. 2023 жылы екі эмитент Өтімділікті басқару бағдарламаларын тіркеді оның шеңберінде 18 облигация шығарылды.
2023 жылдың шілдесінде жария ESG-компанияларға арналған бағдарламаны іске қосты оның шеңберінде 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін шығарылған құралдар үшін бастапқы листингтің және AIX-те сауда-саттыққа рұқсат алу комиссиясы алынып тасталды. Осы бағдарлама шеңберінде Қазақстанның Даму Банкі мен Jet Group Ltd жасыл облигациялары шығарылды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың қазан айында жаңа өнім – капитал нарықтарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, белгіленген лимиттер шегінде теңгемен қысқа мерзімді қаржыландыруды алуда шағын және орта бизнес кәсіпорындарын («ШОБ») қолдауға арналған облигациялар енгізілді.
Жеке инвесторлар
Инвесторлар шоттарының саны 2021 жылмен салыстырғанда 9 есеге артып, 1.5 млн құрады.
2023 жылы Tabys мобильді қосымшасы арқылы Exchange Traded Notes (ETNs) сауда-саттық (сатып алу-сату) көлемі рекордтық $5.5 млн. құрады, бұл ретте басқарудағы қаражат (Funds under management) 4 $4.1 млн. құрады.
Tabys қосымшасындағы белсенді инвесторлардың жалпы саны 14.9 мыңға жетті.
Polymetal International plc. редомициляциясы
2023 жылғы 7 тамызда Polymetal Джерси аралынан «Астана» халықаралық қаржы орталығының («АХҚО») юрисдикциясына редомициляцияны сәтті аяқтады. 2023 жылдың сәуір айының басында Polymetal AIX-тегі листингін негізгі, Лондон мен Мәскеудегі листингті қайталама деп бекітті. Polymetal редомициляциясына байланысты оның инвесторлары, сондай-ақ Polymetal инвесторларының бағалы қағаздары сақталатын кастодиандар AIX CSD мүшесі атанған Қазақстан Ситибанкі арқылы AIX CSD-де шоттар ашты.
Осылайша, AIX CSD-де 6 ірі жаһандық кастодиандардың қосалқы шоттары ашылды. Бұл қазақстандық қор нарығын дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді, өйткені оған алдыңғы қатарлы және дамушы нарықтарға бағытталған инвестициялық қорларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлар (институционалдық және жеке инвесторлар) AIX CSD-де сақталған жалпы $1.3 млрд-тан $1.2 млрд сомасына Polymetal акцияларына иелік етеді. Бұл ретте AIX CSD-де әлемнің 40-қа жуық елінен бөлшек инвесторлар шоттар ашты.
2023 жылы редомициляцияға дейінгі AIX-тегі акциялар саудасының жалпы үлесіндегі Polymetal сауда-саттығының үлесі 14%-ды құрады, редомициляциядан кейін 3 есеге өсіп, 49% болды.
Халықаралық ынтымақтастық
AIX және Әбу-Даби қор биржасы (ADX) AIX-ті Tabadul цифрлық биржалық сауда орталығына қосу туралы келісімге қол қойды. Қазір Tabadul мүшелері қатарында Бахрейн қор биржасы, Орталық Азия биржасы (Тәжікстан) және Маскат бағалы қағаздар нарығы (Оман) бар.
Tabadul Hub, сауда-саттыққа өзара қол жеткізу моделіне негізделген цифрлық биржаның алғашқы аймақтық орталығы аймақтық және жаһандық деңгейде мүше-биржалар арасындағы сауда-саттыққа арналған цифрлық биржалық алаңды ұсынады. 2023 жылы Қазақстан тарапынан Tabadul Hub-тың танылған брокері Freedom Finance Global болды. Ал 2024 жылдың 3 қаңтарында BHM Capital брокері (Дубай, БАӘ) AIX сауда мүшесі атанды.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және NASDAQ бар, NASDAQ сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, сол арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыруды тарту үшін нақты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстан мен өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу-бір жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамытуға арналған қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz