Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2021 жылғы сауда қызметін қорытындылады және 9 номинация бойынша ең белсенді брокерлер мен қатысушыларды жариялады.
- Үлестік құралдар бойынша үздік брокер (2021 жыл ішінде АІХ-те акциялармен және депозиттік қолхаттармен жүргізілген сауда-саттықтың ең жоғары көлемі үшін) -Freedom Finance JSC
- Борыштық құралдар бойынша үздік брокер (2021 жыл ішінде АІХ-те облигациялармен жүргізілген сауда-саттықтың ең жоғары көлемі үшін) — SkyBridge Invest JSC
- Бөлшек сауда сегментін дамытқаны үшін (бөлшек сауданың жаңа өнімдерін, соның ішінде AIX биржалық индексін (AIXQI) дамытуға қосқан үлесі үшін және 2021 жыл ішінде Exchange-Traded Notes — биржалық ноталармен жүргізілген сауда-саттықтың ең жоғары көлемі үшін) — Halyk Finance JSC
- Инвестициялық банкингтің үздік командасы (2021 жыл ішінде Биржада листингтелген бағалы қағаздардың ең көп саны үшін) — Jusan Invest JSC
- Жыл жаңалығы (АІХ-те белсенділігін елеулі түрде арттырғаны, соның ішінде жария борыштық құралдар орналастырғаны, сауда операцияларын арттырғаны, нарықтардың брокерлік қосымшалармен жабылуын кеңейткені үшін) — Jusan Invest JSC
- ҚХР-да АІХ туралы хабардар болуға қосқан үлесі үшін (Биржаны және Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын Қытай мен Гонконг аумақтарында ілгерілеткені үшін) — China International Capital Corporation Limited
- Шекара маңындағы және дамушы нарықтардың аумағында инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілеткені үшін (шет елдердің институттық және бөлшек сауда инвесторлары үшін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы ақпараттық өріс құруға қосқан үлесі үшін) — Renaissance Capital
- Операциялар көлемі бойынша үздік банк-кастодиан (2021 жыл ішінде Биржа Депозитарийімен жүргізілген кастодиандық операциялардың ең жоғары көлемі үшін) — RBK Bank JSC
- Ең белсенді банк-кастодиан (2021 жыл ішінде Биржа Депозитарийімен жүргізілген кастодиандық операциялардың ең көп саны үшін) — Halyk Bank JSC
AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:
«Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның экономикалық өсуі мен қаржылық тұрақтылығын ынталандыруда шешуші рөл атқара алатын сыйымды капитал нарығын дамыту. Біз АІХ сауда-саттығына қатысушылардың капитал нарығының тиімділігін жоғарылату бойынша ниеттері мен күш-жігерлерін жоғары бағалаймыз. Біздің тарапымыздан бөлшек инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттырумен қатар, АІХ-тің барлық қатысушылары үшін тең ашық қолжетімділік бар сенімді және тиімді инфрақұрылым дамытуға және қауіпсіздікті арттыру мен сауданы арзандату және нарықтық бағалы қағаздарды сақтау жолымен өтімділіктің өсуіне назарымызды шоғырландыруымызды біз жалғастырып келеміз».
2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша АІХ нәтижелері:
- AIX-тің ресми тізіміне әртүрлі 89 эмитенттің 136 бағалы қағазы, соның ішінде 2 биржалық қор (ETF) мен 16 биржалық нота (ETN) кірді.
- Тартылған борыштық капитал көлемі шамамен $1,27 млрд құрады, тартылған үлестік капитал көлемі $321,4 млн құрады.
- АІХ-те үлестік құралдар листингі бар компаниялардың (Қазатомөнеркәсіп, Polymetal, Қазақстанның Халық Банкі, Ferro Alloy Resources Limited, Kcell, Банк ЦентрКредит, Kaspi.kz) жалпы нарықтық капиталдандырылуы $48 млрд-тан асты.
- Қазақстан, Ресей, Қытай және Еуропа елдерінің брокерлерін қоса, 29 сауда мүшесі.
- АІХ Орталық депозитарийінде 160 мыңнан аса шот.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады.Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) –2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. www.aifc.kz