AIX Ұлыбританияның салық және кеден қызметі тарапынан танылған биржа мәртебесін иеленді

18 февраля 2019

Бұл британдық инвесторларға өз елінде белгілі бір салық жеңілдіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (АХҚО Биржасы, AIX) 2019 жылдың 25 қаңтарында Ұлыбританияның Салық және кеден қызметі (HMRC) AIX-ке өз тарапынан танылған қор биржасы мәртебесін бергенін хабарлайды. Тиісті өзгерістер 2007 жылғы Табыс салығы туралы британ Заңының 1005-бөліміне енгізілді. Бұл мәртебе AIX-те саудаланатын бағалы қағаздарды ұстаушыларға Ұлыбританияның салық заңнамасына сәйкес олардың жеке мән-жайлары мен осындай заңдарға сәйкес қолданылатын талаптардың ескере отырып, белгілі бір қолайлы режімді пайдалануға жағдай жасайды.

— Ұлыбританияның Салық және кеден қызметі тарапынан танылған биржа мәртебесін алу шетелдік, бұл жағдайда британдық инвесторлар үшін Орталық Азия аймағындағы инвестиция орталығы ретінде AIX-ті таңдау неліктен қажет екендігінің тағы бір дәлелі болады, — деді AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт. – Сонымен қатар, біз кәсіпкерлердің өз қызметін дамытуы үшін банктік қарыздарға қарағанда қор нарығында анағұрлым қолайлы шарттармен капитал тарта алатындай етіп қазақстандық инвесторлардың отандық бизнес жобаларына қызығушылығын арттыру үшін жұмыс істейміз.

Қазіргі уақытта AIX HMRC тарапынан танылған Орталық Азиядағы жалғыз қор биржасы. Танылған қор биржаларының толық тізімімен келесі сілтеме бойынша HMRC сайтында танысуға болады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX. АХҚО Биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын салтанатты түрде іске қосты. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыруды мақсат тұтады. АХҚО міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
AIX коммуникациялар бойынша
басшысы
Tel: +7 (7172) 235394
Email: [email protected]