AIX шағын және орта бизнеске арналған облигация түрін ұсынады

19 Қазан 2023

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») шағын және орта бизнеске облигациялар шығаруды ұсынады. Бұл облигация түрі шағын және орташа кәсіпорындардың капитал нарығындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, белгілі бір лимит шеңберінде, қысқа мерзімге қаражат (теңге) тартуына арналған.

AIX биржасы листинг талаптарына өзгеріс енгізіп, шағын және орта бизнес үшін стандартты тарифтерді қайта қарады. Алайда, компаниялар қарыздарын уақытылы төлеп отыруы үшін арнайы міндеттемелер енгізді.

Біржан Астаев, нарықтар мен өнімдер жөніндегі басқарушы директор:

«AIX биржасының негізгі мақсаттарының бірі  – өздерінің бизнестерін ары қарай дамыту үшін қосымша қаражатты қажет ететін әртүрлі саладағы кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сай шешімдер табу. Қарыз капиталы нарығына шығу оларға қаражат көздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді».

Шағын және орта бизнес облигациялары туралы толық ақпаратты AIX вебсайтында «Ережелер мен Қағидалар» парақшасынан табуға болады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz