AIX-тің қаржы нарықтарын дамыту бағытын Тимур Абушкин басқарды

16 Мамыр 2019

«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (АХҚО биржасы, AIX) Тимур Абушкиннің қаржы нарықтарын дамыту жөніндегі басшы болып тағайындалғанын хабарлайды. Тимурдың инвестициялық банктермен, биржалармен және қаржы-стартаптармен 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. АХҚО биржасына келгенге дейін Тимур Tokenomica – Сингапурдағы цифрлық активтерді шығару жөніндегі платформаны және Xena Exchange – Лондондағы цифрлық активтердің инновациялық биржасы сияқты бірқатар финтех-стартаптарда басшылық лауазымдарды атқарған. Бұған дейін ол JP Morgan компаниясында Ресей мен ТМД елдеріндегі акциялар саудасы жөніндегі вице-президент, сондай-ақ РТС (кейін МБВБ-мен қосылу нәтижесінде Мәскеу биржасы) Қор биржасы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

AIX-те Тимур брокерлер мен институционалдық клиенттермен, әлеуетті және жұмысын атқарып жатқан эмитенттермен өзара әрекеттесуге, сондай-ақ өнімдер түрлерін дамытуға жауап беретін қаржы нарығын дамыту тобын басқарды.

Тимур Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетін бітіріп, еңбек жолын Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінде бастаған, онда қарыз саясатын әзірлеуге қатысқан, 2005 және 2006 жылдары Париж клубына мүше-елдері алдындағы 40 млрд доллар көлеміндегі мемлекеттік сыртқы берешекті мерзімінен бұрын өтеуге тікелей қатысқан, сондай-ақ ресейлік кредиттік рейтингті беру және қолдау бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктердің жұмысын үйлестірумен айналысқан. Түрлі ұйымдарда жұмыс істеген уақытта Тимур әр түрлі ұйымдар үшін жалпы сомасы $15 млрд астам капитал тарта алды.

Тим Беннетт, AIX басқарма төрағасы:

«Біз осындай бай жұмыс тәжірибесі бар Тимур сияқты кәсіби маманды қарсы алуға қуаныштымыз және ол өзінің барлық жинақталған білім қорын, сондай-ақ Қазақстан мен өңірдегі капитал нарығын дамытудағы инновациялық тәсілді пайдаланады деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді.

Тимур Әбушкин өзінің қызметке тағайындалуы туралы түсініктеме берді:

«Мен АХҚО мен AIX басшылығының маған көрсеткен сенімі үшін ризамын. Бұл тағайындау мен үшін кезекті кәсіби сынақ және тәжірибемді қолдануға жақсы мүмкіндік. Мен прогрессивті тәсілдің және қаржы индустриясындағы үздік халықаралық тәжірибелерді пайдаланудың арқасында AIX тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азияның қаржы нарықтарына қолжетімділіктің бірыңғай терезесі болуға барлық мүмкіндігі бар екеніне сенімдімін».

Анықтамалық ақпарат: 

AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы саудасын ашты.  АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ,  АІХ сауда платформасын ұсынатын  NASDAQ   AIX акционерлері болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]