Astana International Exchange (AIX, Биржа) тікелей листинг қызметін ұсынатынын қуана хабарлайды. Биржа қағидаларына (AIX Business Rules) тиісті өзгерістерді АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) бекітті және Қағидалар 2021 жылғы 20 желтоқсаннан бастап күшке енеді.
Тікелей листинг – бұл акцияларды дәстүрлі бастапқы орналастырусыз (ІРО) жаңа акционерлік капитал тартусыз, компанияның қор нарығына шығу процесі. Эмитент акцияларды әлеуетті инвесторларға, әдетте өтінімдер кітабын жинау арқылы берілетін жеңілдікпен, тікелей листингтің ІРО-дан айырмашылығы, тікелей листинг кезінде бастапқы сатуларда бар акционерлер Биржа арқылы сауда режимінде жүзеге асырады, ал бағалар АІХ сауда-саттығының қағидаларына сәйкес сатып алуға және сатуға берілген өтінімдердің сәйкес келуі негізінде анықталады. Тікелей листингіне өту мақсатында, эмитенттің ресми тізімге кірген күні еркін айналыста (free float) акциялары болмауы мүмкін, бірақ бұл талапты бір жыл ішінде орындау қажет.
AIX Реттеу және Комплаенс жөніндегі директоры Евгения Богданова былай деп атап өтті:
«Тікелей листинг компанияларға жария сауда-саттыққа шығу үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Жария компания мәртебесі, компаниядағы бар акционерлерге өз акцияларын жария нарықта еркін сатуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, тікелей листинг кезінде андеррайтерлердің және өтінімдер кітабын жинау қажеттігі жоқ, бұл листингтің уақыты мен құнын қысқартады. Жеке компанияларға биржада листингтің балама тәсілдерін ұсына отырып, біз көп эмитенттердің қор нарығында қажетті қаржыландыруды тарта алатынына, ал инвесторларға тартымды инвестициялық мүмкіндіктердің кең спектріне қол жеткізетініне сенеміз».
Қағидалар келесі сілтеме бойынша қолжетімді.