Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») AIX биржасында ForteBank-тің 400 миллион доллар көлеміндегі бес жылдық еврооблигацияларын сәтті орналастырғанын хабарлайды. Аталған евробондтар Vienna MTF платформасында да саудаланады. Инвесторлардың жоғары сұранысына байланысты шығарылымның купондық мөлшерлемесі 8,25%-дан 7,75%-ға дейін төмендетілді. Бұл соңғы 12 жылда екінші деңгейлік қазақстандық банктің еврооблигацияларды алғаш шығаруы.
AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова:
«ForteBank-тің еврооблигациялары биржамызда листингтен өткеніне қуаныштымыз. Шетелдік инвесторлардың жоғары сұранысы Қазақстанның қаржы секторына деген сенімді және банктің нарықтағы тұрақтылығын растайды. Бұл листинг инвесторларға дамып келе жатқан нарықтардың жоғары сапалы активтері арқылы өз портфельдерін диверсификациялау үшін тамаша мүмкіндік береді».
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz