AIX тау-кен компанияларының қаржыландыруды тартуына арналған қағидаларды бекітті

10 июля 2019

AIX (Astana International Exchange, Биржа) Қазақстан мен өңірдің тау-кен секторы кәсіпорындарының AIX-ке қаражыландыруды тартуы үшін платформаны қамтамасыз ететін Тау-кен компанияларына арналған қағидалардың (Қағида) бекітілгендігі туралы хабарлайды (тиісті шешімді Биржаның Директорлар кеңесі 2019 жылдың 2 шілдесінде қабылдады).

Қағидаларда екі деңгейлі тәсіл қолданылады, бұл ретте бірінші деңгей дамудың кейінгі сатыларындағы ірі тау-кен компанияларына арналады, ал екінші деңгей тәуекелдің неғұрлым жоғары дәрежесі және неғұрлым жоғары табыстылық тән юниорлық компанияларға басым назар береді.

Тау-кен компанияларына арналған қағидалар эмитенттер үшін тартымдылық пен инвесторларды қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететіндей етіп жасалған. Бір жағынан, эмитенттерге оңайлатылған қаржы талаптары қолданылатын болады. Екінші жағынан, эмитенттер білікті менеджмент пен техникалық персоналдың болуын, сондай-ақ JORC, NI 43-101 және KAZRC озық халықаралық стандарттарына («Құзыретті тұлғалардың есептері» деп аталатын) сәйкес тәуелсіз сарапшылар растаған геологиялық есептілікті көрсетуге міндетті болады.

AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп түсініктеме берді:

«Қазақстандық және әлемдік тау-кен саласының ағымдағы жағдайы, жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық заңнаманың табысты реформалары, сондай-ақ пайдалы қазбаларға бай елдермен және капитал көздеріне жақын тиімді географиялық орналасуы AIX-тің  Канада және Австралиямен қатар,  тау-кен компаниялары үшін өңірлік және әлемдік қаржы хабы ретінде қалыптасуы үшін барлық алғышарттарды жасайды».

Қағидалар АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мақұлдағаннан кейін 2019 жылдың үшінші тоқсанында күшіне енеді деп күтілуде.

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыруды мақсат тұтады. АХҚО міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]