Astana International Exchange (Aix, Биржа) Биржаның сауда деректері Refinitiv терминалдарын пайдаланушыларға онлайн режимде қолжетімді болғанын қуана хабарлайды. AIX және Refinitiv тиісті келісімге қол қойып, қажетті IT бейімдеуді, қосылу мен тестілеуді сәтті өткізді.
AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт:
«Қаржылық ақпараттың ірі жаһандық жеткізушілерінің бірімен келісім жасасу AIX сауда-саттық ақпаратына қолжетімділікті айтарлықтай арттырды. Бұл халықаралық инвесторларға неғұрлым толық ақпарат негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді» деп атап өтті.
Орталық және шығыс Еуропа, ТМД өңірі жөніндегі басқарушы директор Антонио де Григорио былай деді:
«Біз заманауи халықаралық сауда алаңы AIX Биржасымен серіктес екенімізді мақтан тұтамыз. Бұл ынтымақтастық пайдаланушыларға Eikon және Eikon Excel сервистері арқылы AIX-те сатылатын барлық құралдар туралы мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Орталық Азияның жетекші халықаралық биржасы деп саналатын AIX сауда-саттық деректері дамушы елдерге назар ударып отырған біздің клиенттеріміз бен инвесторлар үшін зор қызығушылық тудырады».
Сонымен қатар, AIX Page Express парағы Eikon терминалының пайдаланушыларына қолжетімді.
Анықтамалық:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты — халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
Refinitiv жаһандық қаржы нарықтарында инновациялар мен белсенділікті қамтамасыз ететін ақпаратты, инсайттар мен технологияларды ұсына отырып, әлемнің 190-нан астам елінде 40 мыңнан астам ұйымға қызмет көрсетеді. https://www.refinitiv.com
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]