AIX пен Nasdaq Dubai операциялық байланыстарды орнату туралы келісімге қол қойды

09 Шілде 2019

Бүгін Nasdaq Dubai және Astana International Exchange (AIX) осы екі биржаның Бағалы қағаздар орталық депозитарийлері (БҚОД) арасында тығыз операциялық іс-қимыл орнатуға мүмкіндік беретін серіктестік туралы келісімге қол қойды.

AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт: «Өткен жылдың қараша айында AIX-тің операциялық іске қосылған сәтінен бастап біз күш-жігерімізді халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейтуге жұмсадық. Біздің Nasdaq Dubai-мен жасалған келісіміміз қазақстандық компанияларға шетелдік инвестицияларға қол жеткізу мүмкіндігін беру жолындағы маңызды қадам болып табылады», – деп атап өтті.

Nasdaq Dubai Бас атқарушы директоры Хамед Әли былай деді: «Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан компаниялары көбінесе шетелдік инвестицияларды іздейтіндіктен, Nasdaq Dubai оларға халықаралық және өңірлік инвесторлардың үлкен пулына қолжетімділікті ұсына алады. Біздің AIX-пен келісім жасауымыз трансшекаралық экономикалық өсуге және нарықтың әр түрлі қатысушылары үшін жаңа қаржы арналарын аша отырып, Қазақстан, БАӘ және басқа да елдер үшін материалдық игіліктер қалыптастыруға ықпал етеді«.

Анықтамалық ақпарат:

Nasdaq Dubai Атқарушы директоры және AIX басқарма төрағасы Нұр-Сұлтан қаласында Astana Finance Days конференциялары аясында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімді іске асыру үшін реттеуші органдар бекітуі тиіс.

Nasdaq Dubai – бұл Батыс Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы өңірге қызмет көрсететін халықаралық қаржы биржасы. Биржа өңірлік және халықаралық инвестицияларды іздейтін өңірлік, сондай-ақ жаһандық эмитенттерді қолдайды. Қазіргі уақытта биржада акциялар, деривативтер, Сукук (ислам облигациялары), жай облигациялар және жылжымайтын мүліктің инвестициялық трасттары (REITS) ұсынылған. Nasdaq Dubai-дың негізгі акционері – үштен екі үлесі бар Dubai Financial Market болып табылады. Borse Dubai-ға акцияларының үштен бірі тиесілі. Nasdaq Dubai реттеуші органы Dubai Financial Services Authority (DFSA) болып табылады. Nasdaq Dubai Дубай халықаралық қаржы орталығында (DIFC) орналасқан. www.nasdaqdubai.com

Astana International Exchange 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылған. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. AIX халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта аясында, ағылшын құқығының юрисдикциясында жұмыс істейді. Биржада жоғары технологиялық сауда инфрақұрылымы әзірленді және жұмыс істейді. Жергілікті және халықаралық брокерлердің экожүйесі құрылды. 2018 жылдың қараша айында AIX-те «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ IPO сәтті өтті. 2019 жылдың сәуірінде биржадағы қос листингтен Polymetal International Plc ірі тау-кен компаниясы өтті. Сондай-ақ, AIX платформасында листингтен өтіп және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигациялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ корпоративтік облигациялары орналастырылды. AIX (AIX CSD) орталық депозитарийінің мүшелері екі кастодиан банкі болып табылады, AIX CSD-де инвесторлардың 60 000-нан астам шоты ашылды. AIX – Еуропа және Азия қор биржалары федерациясының мүшесі болып табылады. 2019 жылдың қаңтарында Ұлыбританияның Салық және кеден қызметі (HMRC) AIX-ке танылған қор биржасы мәртебесін берді. AIX CSD-еуропалық CSD қауымдастығының мүшесі болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]