AIX Орталық депозитарийіндегі қазақстандық жеке инвесторлардың есеп-шоттар саны 1миллионға жетті

04 Қыркүйек 2023

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Қазақстан азаматтары AIX Орталық депозитарийінде ашқан жеке есеп-шоттарының саны 1 миллионға жеткенін қуана хабарлайды. Осылайша, жеке инвесторлардың есеп-шоттары соңғы 3 жылдың ішінде 6 есе көбейді. Ішкі мәліметтерге сәйкес, шот иелерінің ішінде әйелдер мен ер азаматтар саны шамалас, 50/50.

Қазақстанның инвестиция нарығына қатысушылар соңғы жылдары енгізген технологиялық прогресс жеке инвесторларға жол ашып, олардың мүмкіндіктерін институционалды инвесторлармен теңестірді. COVID пандемеясына қатысты енгізілген шектеулер азаматтарды қосымша табыс көзін іздеуге, осылайша қор нарығына назар аударуға итермеледі – 2021 жыл мен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы арасында мыңдаған адам инвестор ретінде есеп-шот ашты. Қор нарығында цифрлық қосымшалардың дамуы да жеке инвесторлар санының артуына үлесін қосты.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz