AIX нарық моделін жақсартуға арналған бірқатар бастамаларды іске асырды

11 Шілде 2019

AIX (Astana International Exchange, Биржа) нарық моделінің жалпы тиімділігін арттыруға және халықаралық инвесторлардың сенім деңгейін көтеруге бағытталған бірқатар жаңашыл бастамаларды табысты іске асырғаны туралы хабарлайды.

Бір мезгілде төрт бастама жүзеге асырылды, олар: мультивалюталық есеп айырысу моделі, қысқа сатылымдарды қамтитын бағалы қағаздарды кредиттеу мен қарызға алу моделі және катодиалдық модель.

Мультивалюталық есеп айырысу моделі инвесторларға Қазақстандық теңгемен листингтелген бағалы қағаздармен мәміле жасасуға, осыған орай бастапқы кезеңде олар бойынша АҚШ долларымен, ал кейіннен тұтынушылық сұранысқа байланысты басқа да валюталармен есеп айырысуға мүмкіндік береді. Жаңа қызмет FIX-хаттамасын (Биржа мен сауда мүшелері арасында онлайн режімде ақпаратты жоғары технологиялы түрде алмасудың индустриялық стандарты) қолданатын сауда мүшелеріне көрсетіледі. Қызметті пайдалану үшін қажетті барлық деректер Биржа веб-сайтының Market Watch парақшасында көрсетіледі.

Бағалы қағаздарды кредиттеу және қарызға алу моделі әрекет етеуші маркетмейкерлер үшін АІХ Реттеу және комплаенс департаментінің рұқсатын алғаннан кейін қолжетімді болады. Бағалы қағаздармен кредиттеу мәмілелер бойынша есеп айырысудың аяқталмай қалуын болдырмау үшін пайдаланылуы мүмкін. Бағалы қағаздарды кредиттеу және қарызға алу қатынастары Әлемдік нарықта бағалы қағаздарды кредиттеу туралы басты келісімімен (GMSLA) немесе AIX үшін қолайлы кез келген басқа келісіммен реттеледі. Уәкілетті кредиторы бар қолданыстағы GMSLA-ға кіретін маркетмейкерлер қысқа сатылымдарды қамту мүмкіндігіне ие болады.

Кастодиалдық модель институционалдық инвесторлар үшін айтарлықтай жақсартуды білдіреді, бұған сәйкес олардың активтері, ақша қаражаты немесе бағалы қағаздар болсын, АІХ бағалы қағаздарының Орталық депозитарийінің қатысушысы болып табылатын кастодианда үнемі сақтауда болады. Сауда мүшелері АІХ-те мәмілелер жасасуды жалғастырады, алайда кейін жасасқан мәмілелерді клиент тарапынан расталғаннан соң мәмілелерді және ақша қаражатымен немесе бағалы қағаздармен есеп айырысу бойынша кейінгі міндеттемелерді өзіне алатын кастодианға бере алады. Клиент кастодианға растау бермеген жағдайда, есеп айырысу міндеттемесі сауда мүшесінде қалады.

Жаңа функциялардың енгізілуіне түсіндірме бере отырып, АІХ Операциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Оливье Гэрис – «олар дамушы қаржы нарықтарында әдетте ұсынылатындардың шеңберінен айтарлықтай дәрежеде шыққанын» атап өтті.  Бұл бастамаларды енгізу біздің нарықтың өтімділігіне едәуір оң әсер етеді, сондай-ақ бұл инвестиция үшін қауіпсіз және сенімді орын екеніне институционалдық инвесторлардың сенімділік деңгейін негізге ала отырып,  AIX-ке жаңа институционалдық инвесторларды тартуға көмектеседі.

Осы жақсартуларды көрсететін AIX Бағалы қағаздарының орталық депозитарийі қағидаларының өзгерістерін АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мақұлдады. AIX Бағалы қағаздарының орталық депозитарийінің рәсімдері тиісті түрде жаңартылды. Ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.aix.kz/clearing-settlement/ 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыруды мақсат тұтады. АХҚО міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]