AIX инвестициялық қорлар листингінің ережелерін бекітті*

30 Шілде 2019

Astana International Exchange (AІХ, Биржа) осы нарық сегментінің қызметін қамтамасыз етуге арналған инвестициялық қорлар листингінің ережелерін (Ережелерін) бекіту туралы хабарлайды. AIX Директорлар кеңесі тиісті шешім қабылдады, АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің тарапынан 2019 жылдың 23 шілдесінде мақұлданды.

Ереже биржалық инвестициялық қорларды (ETF), исламдық инвестициялық қорларды, тікелей инвестициялар қорларын, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың венчурлік қорларын (REIT) қоса алғанда, АХҚО ұжымдық инвестициялау ережелеріне сәйкес ұжымдық инвестициялау тетіктерінің листингін көздейді. Ереже институционалдық және бөлшек инвесторлар үшін бағалы қағаздарды ұсынудың қарапайым, үнемді және ашық тәсілін қамтамасыз етеді.

AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт түсініктеме беріп өтті:

«Инвестициялық қорларды құқықтық реттеу эмитенттерге және инвесторларға тартымды жағдай жасауға арналған. Қазіргі уақытта біз шетелдік қорлармен AIX-те болуы мүмкін листингті талқылаймыз. Біз инвесторлардың жоғары айқындылығы мен қорғалуы, сауда мен басқарудың салыстырмалы қарапайымдылығы, төмендетілген операциялық шығындар, сондай-ақ көбіне ұжымдық қаржыландыру нысандарына тән жоғары өтімділік сияқты сипаттамалар AIX инвестициялық қорлары нарығының дамуына серпін беретініне сенімдіміз».

*Осы пресс-релиз AIX Business Rules BRG 1.3.1 ережесіне сәйкес Хабарлама болып табылады.

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]