Astana International Exchange («AIX», «Биржа») жергілікті бөлшек сауда инвесторларына инвестициялар үшін мүмкіндіктердің анағұрлым кеңірек спектрін ұсыну үшін төрт жаңа биржалық нота («ETN», «Ноталар») листингі туралы хабарлайды. iX ETN жаһандық әртараптандырылған портфель құрудың қымбат емес тәсілін қамтамасыз етеді және АХҚО юрисдикциясында тіркелуі күтіліп отырған биржалық өнімдердің кең спектрі үшін жол салады.
AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп түсіндірді:
«Былтыр бес ETN-нен тұратын бірінші серияны листингке қосып, қазақстандық инвесторларға АІХ бұрын тек шетелдік нарықтарда ғана қолжетімді болған инвестициялық мүмкіндіктерге – сол қорларға, шамамен сондай шығындармен, сондай табыстылықпен жеңіл және қымбат емес қолжетімділік ұсынды. Және бүгінгі таңда біз Astana International Exchange-де ETN тізімін кеңейтуге қуаныштымыз».
ETN инвесторларға әртүрлі нарықтық индекстердің табыстылығына қолжетімділік ұсынуға арналған. ETN табыстылығы шығыстарды шегергенде, нарықтық индекстерге немесе стратегияларға тіркелген. АІХ-те iX ETN-ді акциялар ретінде сатып алуға және сатуға болады және олар инвесторларға активтердің шығыстарды шегергендегі ақшамен берілген өтеу кезіндегі базалық құнын ұсынады. Кейбір жағдайларда бұл ETN сонымен қатар инвесторларға купон (дивидендтердің баламасы) төлейтін болады. iX ETN қорлары бірқатар биржалық қорларға — iShares, USCF және Vanguard қорларына инвестициялайды, олар өз кезегінде белгі салынған эталондық индекстерді қадағалап отырады. iX ETN бойынша табыстылық базалық нарықтық индекстердің табыстылығын дәл қайталайтын болады.
2020 жылғы 5 қазанда листингке қосылған ETN:
# | ETN атауы | Базалық ETF * | Базалық ETF сипатталуы |
1 | iX Gold SPC Limitied | iShares Gold Trust | Базалық ETF жалпы алғанда алтын бағасының серпінін көрсетуге ұмтылады. Базалық ETF мұндай нәтижелерді Базалық ETF-тің шығыстары мен міндеттемелерін төлегенге дейін көрсетуге ұмтылады. |
2 | iX High Yield Corporate Bond SPC Limited | iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF | Базалық ETF Markit iBoxx USD жоғары табыстылықтың өтімділік индексінің («Индекс») инвестициялық нәтижелерін қадағалауға ұмтылады, ол қағидаларға негізделген, жоғары табысты, АҚШ—та сату үшін АҚШ долларымен номинирленген (Markit Indices Limited анықтамасы бойынша) корпоративтік облигациялардан тұратын индекс болып табылады. Индекс АҚШ долларымен берілген корпоративтік облигациялардың өтімді жоғары табысты нарығын кеңінен танытуға арналған. |
3 | iX US High Dividend SPC Limited | iShares Core High Dividend ETF | Базалық қаржылық ахуалы жоғары және орташадан жоғары дивидендтік төлемдерді қолдауға қабілетті жоғары сапалы америкалық компанияларға қолжетімділік ұсынатын ETF Morningstar Dividend Yield Focus Index-тің («Index») инвестициялық нәтижелерін қадағалауға ұмтылады. Индекстің құрамдастары Нью-Йорк қор биржасында, NYSE Amex Equities немесе NASDAQ Stock Market-те жария сауда жасайтын америкалық компаниялар шығарған акциялар пулынан алынған. |
4 | iX US Short-Term Treasury SPC Limite | Vanguard Short-Term Treasury ETF | Базалық ETF индекстеудің Bloomberg Barclays US Treasury 1–3 Year Bond Index көрсеткіштерін қадағалауға арналған инвестициялық тәсілдемесін пайдаланады. Бұл индекске АҚШ Қазынашылығы шығарған табысы тиянақталған бағалы қағаздар (инфляциядан қорғалған бағалы қағаздарды қоспағанда) кіреді, олардың барлығының өтеу мерзімі 1-3 жыл аралығында. |
2019 жылғы 10 желтоқсанда листингке қосылған ETN:
# | ETN атауы | Базалық ETF* | Базалық ETF сипатталуы |
1 | iX US 500 Equities SPC Limited | iShares Core S&P 500 UCITS ETF (CSPX) | Базалық ETF-тың инвестициялық мақсаты құн өсімінен табысты да, сол сияқты S & P 500 («S & P 500») индексінің табыстылығын көрсететін пайыздық табысты да назарға ала отырып, инвесторларға толық табыс ұсынуда болып табылады. Бұл инвестициялық мақсатқа қол жеткізу үшін Базалық ETF-тың инвестициялық саясаты, бұл қаншалықты мүмкін және іс жүзінде қаншалықты мүмкін болғанынша, Базалық ETF-тың бенчмарк индексі болып табылатын S & P 500-ге қосылған бағалы қағаздардан тұратын үлестік бағалы қағаздар портфеліне инвестициялауда болып табылады. S & P 500 АҚШ нарығындағы аса ірі 500 компания (яғни нарықтық капиталдануы үлкен компаниялар) қызметінің көрсеткіштерін мөлшер, өтімділік және free-float критерийлеріне сәйкес өлшейді. |
2 | iX US Aggregated Bonds SPC Limited | iShares US Aggregate Bond UCITS ETF (IUAA) | Базалық ETF-тың инвестициялық мақсаты құн өсімінен табысты да, сол сияқты АҚШ-тағы Bloomberg Barclays жиынтық облигациялары индексінің («Bloomberg Barclays Index») табыстылығын көрсететін пайыздық табысты да ескере отырып, инвесторларға жалпы табыс ұсынуда болып табылады. Бұл инвестициялық мақсатқа қол жеткізу үшін Базалық ETF-тың инвестициялық саясаты, бұл қаншалықты мүмкін және іс жүзінде қаншалықты мүмкін болғанынша, Базалық ETF-тың бенчмарк индексі болып табылатын Bloomberg Barclays индексі бағалы қағаздарының құрамдастарынан тұратын борыштық бағалы қағаздар портфеліне инвестициялауда болып табылады. |
3 | iX Global Emerging Markets Equities SPC Limited | iShares Core MSCI EM IMI UCITS ETF (EIMI) | Базалық ETF-тың инвестициялық мақсаты құн өсімінен табысты да, сол сияқты MSCI Emerging Markets инвестицияланатын нарығы индексінің («IMI») табыстылығын көрсететін пайыздық табысты да ескере отырып, инвесторларға толық табыс ұсынуда болып табылады. Бұл инвестициялық мақсатқа қол жеткізу үшін Базалық ETF-тың инвестициялық саясаты Базалық ETF-тың бенчмарк индексі болып табылатын IMI бағалы қағаздарының құрамдастарынан тұратын бағалы қағаздар портфеліне инвестициялауда болып табылады. IMI капиталдануы ірі, орташа және шағын компаниялар акцияларының, дамушы нарықтардың өлшем, өтімділік және free-float бойынша талаптарға сәйкес келетін компаниялары акцияларының табыстылығын өлшейді. |
4 | iX Global Emerging Markets Bonds SPC Limited | iShares J.P. Morgan $ EM Bond UCITS ETF (JPEA) | Базалық ETF-тың инвестициялық мақсаты құн өсімінен табысты да, сол сияқты EMBI J.P. Morgan жаһандық базалық индексінің («Индекс EMBI J.P. Morgan») табыстылығын көрсететін пайыздық табысты да назарға ала отырып, инвесторларға жалпы табыс ұсынуда болып табылады. Бұл инвестициялық мақсатқа қол жеткізу үшін Базалық ETF-тың инвестициялық саясаты, бұл қаншалықты мүмкін және іс жүзінде қаншалықты мүмкін болғанынша, Базалық ETF-тың бенчмарк индексі болып табылатын JP Morgan EMBI индексі бағалы қағаздарының құрамдастарынан тұратын борыштық бағалы қағаздар портфеліне инвестициялауда болып табылады. J.P. Morgan EMBI индексі АҚШ долларымен деноминирленген, пайыздық мөлшерлемесі тиянақталған және / немесе құбылмалы, дамушы елдердегі суверенді және квазисуверенді компаниялар шығарған облигациялардың серпінін өлшейді. |
5 | iX Brent Oil SPC Limited | United States Brent Oil Fund LP | Базалық ETF-тың инвестициялық мақсаты оның акцияларының таза активтерінің құнының акцияға шаққандағы күн сайынғы пайызбен көрсетілген өзгерістері Brent маркалы мұнайға арналған көрсетілген қысқамерзімді фьючерстік келісімшарт бағасының күн сайынғы өзгерістерімен өлшенетін Brent маркалы мұнайдың споттық бағасының күн сайынғы пайызбен көрсетілген өзгерістерін көрсетуі керектігінде болып табылады. |