Astana International Exchange («AIX», «Биржа») сауда, клирингтік, есеп айырысу, тіркеу және депозитарлық қызметтерді қамтитын ISO 27001 – Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің (ISMS) жоғары халықаралық стандарты бойынша аудиттен сәтті өткені және сертификатталғаны туралы хабарлайды. AIX сондай-ақ ISO/IEC 27032: 2012 -халықаралық киберқауіпсіздік стандартына сәйкестік сертификатын алды . Бұл сертификаттар AIX ақпараттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін қамтамасыз етуге бейілділігін растайды және AIX ұсынатын қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне деген сенімді нығайтады.
AIX Басқарма төрағасы Тим Беннеттің айтуынша:
«AIX — өз инвесторларының, клиенттерінің және серіктестерінің мүдделерін қорғау үшін қажетті шара ретінде өзінің негізгі бизнес-процестері мен ақпараттық ресурстарын сертификаттаған Орталық Азиядағы санаулы ұйымдардың бірі. Біз қол жеткізген сертификаттар AIX сауда алаңы мен құрылған экожүйеге деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, растайтынына сенімдіміз».
AIX Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Валерий Цойдың мәлімдеуінше:
«Киберқауіпсіздік — олардың тұтастығы мен орнықтылығын сақтаудың негізгі қағидаттарын қамтамасыз ететін, жаһандық нарықтардың тұрақты дамуы мен өсуін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Осы ақпараттық және киберқауіпсіздіктің жоғары стандарттарын басшылыққа ала отырып, AIX өңірде инновациялық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу және пайдалану бойынша көшбасшы болып келеді, ақпаратты қорғаудың жоғары стандарттарына және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін тиімді басқаруға сәйкес келетін қызметтерді ұсынуға ұмтылады.»
Сертификат мұқият жүргізілген аудит пен бағалаудан кейін ISO/IEC стандарттары бойынша сертификаттау саласында халықаралық аккредитациясы бар Израиль стандарттау институты тарапынан берілді, бұл мүдделі тараптарға ақпараттың жоғары дәрежеде қорғалуына толық сенім береді.
Стандарттардың талаптарына сәйкес, сертификаттау рәсімдері шеңберінде Стандарттардың талаптарына сәйкестігін растау үшін AIX ақпараттық жүйелеріне, инфрақұрылымы мен процестеріне жүйелі түрде тексерістер мен аудит жүргізілетін болады.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнес тарапынан қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
Израиль стандарттау институты (СИИ). СИИ қызметі өнеркәсіп пен сауда саласындағы тестілеу мен инспекциялауды, сондай-ақ реттеуші қызметтерді қамтамасыз ете отырып, стандарттауды, тестілеуді, сертификаттауды және оқытуды қамтиды және барлық технологиялық салаларда дерлік арнайы бөлімдері бар.
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]