AIXОрталық депозитарийіндегі қазақстандық жеке инвесторлар есеп-шоттарының саны 1,5 миллионға жетті

31 Қазан 2023

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») AIX Орталық депозитарийінде Қазақстандық азаматтар ашқан есеп-шоттар саны 1,5 миллионға жеткенін қуана хабарлайды. Айта кететіні, екі айдан аз уақыт бұрын есеп-шоттар саны 1 миллионға жеткен болатын.

Жеке инвесторлар шоттарының күрт көбеюіне AIX CSD мен жергілікті банктердің қосымшаларының арасындағы интеграция себеп болды. Сонымен қатар, мұндай өсім қазақстандық электр желілерін басқаратын компания «KEGOC» АҚ-ның SPO-сына деген қызығушылықты көрсетеді. KEGOC SPO-сына қатысуға өтінімдер қабылдау 2023 жылдың 02 қарашасында тоқтатылады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz