Бүгін Air Astana компаниясының IPO-сы шеңберінде AIX биржасы Freedom Broker маркет-мейкерінің қолдауымен Қазақстанда алғаш рет жергілікті инвесторларға пре-маркеттегі алдын-ала сауда (conditional trading) мүмкіндігін ұсынды.
Бұл – Қазақстанның қор нарығындағы инновация. Алғаш рет қазақстандық инвесторлар отандық биржада Лондон Қор биржасындағы шетелдік инвесторлармен қатарлас сауда жасай алды. Сауда Air Astana компаниясының жаһандық депозитарлық қолхаттарымен ғана емес, АҚШ долларында есептелген қарапайым акцияларымен де жүрді. Бұл жаңалықты нарық қуана қабылдады.
Бірінші күнгі сауданың нәтижелері:
- Шартты сауда басталғаннан кейін жетінші минутта сауда көлемі 200 мың АҚШ долларын құрады.
- Бірінші сағаттың ішінде жасалған мәмілелердің көлемі 3 млн АҚШ долларына жетті.
- Сауда күні аяқталғанда ЖДҚ бағасы — $9,41, акция бағасы — $2,47 құрады, бұл 4% өсім.
- 9 ақпан, сауданың бірінші күнгі көлемі 3,8 млн АҚШ долларын құрады.
Алдын-ала сауда 12-14 ақпанда жалғасып, 2024 жылдың 15 ақпанында негізгі саудаға ұласады деп күтілуде.
Сауда нәтижелерін AIX вебсайтында https://market.aix.kz/ парақшасында көруге болады.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz