Әсел Мұқажанова AIX басқармасының төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды

16 Қаңтар 2023

Astana International Exchange (бұдан әрі – AIX, Биржа) 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап Әсел Мұқажанова AIX басқармасының төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалғанын қуана хабарлайды. AIX басқармасының алдыңғы төрағасы Ренат Бектұров Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы болып тағайындалды.


Әсел Мұқажанова AIX биржасында 2017 жылдан бастап эмитенттермен байланыс жөніндегі менеджер, ал 2022 жылғы қазан айынан бастап AIX-те нарықтарды және өнімдерді дамыту жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істейді. Қазіргі тағайындалған қызметіне дейін ол бөлшек сауда инвесторлары қорын дамыту, тау-кен секторы, эмитенттермен жұмыс, «Белдеу және жол» сегменті, сондай-ақ жаңа өнімдерді дамыту бағыттарына жетекшілік етті.


AIX директорлар кеңесінің төрағасы Тим Беннетт былай деп мәлімдеді:


«Биржа үшін күрделі, алайда жемісті болған соңғы екі жылдың ішінде AIX-тің дамуына қосқан зор үлесі үшін Ренатқа алғыс білдіргім келеді. Біз онымен Қазақстан экономикасы үшін инвестиция және қаржы тарту үшін бұрынғыдан да қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа қызметінде ынтымақтастығымызды жалғастыруға қуаныштымыз. Әсел Мұқажанова капитал нарығының дамуына шынайы ықыласпен қарайтын өз ісінің кәсіби маманы ретінде нарықта белгілі және біз оған басқарма төрағасының міндетін атқаруға дайын болғаны үшін алғыс айтамыз».  

AIX басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Әсел Мұқажанова былай деп атап өтті:

«Мен AIX-тің барлық серіктестері мен стейкхолдерлерін біз қор нарығын осы бағытта одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді саламыз деп сендіргім келеді. Тим Беннетт пен Ринат Бектұров арқылы Директорлар кеңесіне алғысымды білдіремін, олардың және бүкіл команданың арқасында АІХ бүгінгі таңда тың және сәтті жоба, менің қазіргі басты міндетім команданың инновациялар мен нарықты дамытуға беттелген бағытын сақтау болып табылады».

Әсел Мұқажанова еңбек жолын 1992 жылы «Тұран» банкінің валюталық операциялар бөлімшесінде бастаған. Оның қаржы және банк қызметтері саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. АХҚО-ға/AIX-ке келгенге дейін Әсел «Қазкоммерцбанк» АҚ-да атқарушы директор лауазымын атқарып, халықаралық банк ісі, капитал нарықтары, инвесторлармен қарым-қатынас, біріктіру/қосып алу және стратегия бойынша қызмет атқарған.

Мұқажанова ханымның халықаралық бизнес-қоғамдастықпен жұмыс істеу бойынша мол тәжірибесі бар, ол қаржыландыру тарту, соның ішінде синдикатталған несиелер, еурооблигациялар, секьюриттеу, жеке бағалы қағаздарды орналастыру бойынша әртүрлі маңызды мәмілелерге белсенді қатысты. Ол M&A мәмілелерінде жетекші рөл атқарды және стратегиялар әзірлеу жобалары бойынша жұмыс істеді. Әсел стратегиялық инвесторлармен IPO-ға дайындау мәмілелеріне белсенді атсалысты, бұл жұмыстар кейін Қазақстандағы алғашқы халықаралық IPO-лардың бірін, сондай-ақ жақында «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ IPO-сын өткізуге ұласты.

Әсел Қазақ басқару академиясын «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша бітірген, Лондон және Гарвард бизнес-мектептерінде басшыларға арналған өткен.

Әсел Мұқажанованы AIX басқармасының төрағасы міндетін атқарушы лауазымына тағайындау АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитетімен келісуге жатады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз қызметін 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекітілу болып табылады.www.aifc.kz