«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқармасы
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бұл Орталық Азия, Закавказье республикалары, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне арналған қаржылық хаб.
АХҚО-ның қолданыстағы құқығы Англия және Уэльс құқығының қағидаттары, заңнамасы мен прецеденттеріне (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.
АХҚО-ның негізгі мақсаты – қаржы құралдарының мол тізбесін ұсыну арқылы өтімді және теңдестірілген нарықты дамыту.
АХҚО әкімшілігі – стратегиялық дамыту, АХҚО аумағында қызмет көрсетуді дамыту және Орталық инфрақұрылымын басқаруға жәрдемдесу үшін құрылған Орталықтың басқару органы. Сондай-ақ, әкімшілік АХҚО-ны әлемдік нарықта ілгерілету және Орталыққа әлеуетті қатысушыларды тартуға септігін тигізеді.
АХҚОӘ АІХ-тің құрылтайшысы және негізгі акционері.
Өндірістік қуат ынтымақтастығының қытай-қазақ қоры (China-Kazakhstan Production Capacity Cooperation Fund Co., Ltd.)
Өндірістік қуат ынтымақтастығының қытай-қазақ қоры АІХ негізгі акционерлерінің бірі және Жібек жолы қорының еншілес компаниясы (Silk Road Fund Co., Ltd. — SRF). Қордың мақсаты – өндірістік қуат саласында Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сондай-ақ басқа да салалардағы инвестициялық қызметтерді қолдау.
Жібек жолы қоры – 2014 жылы 24 желтоқсанда Бейжіңде тіркелген инвестициялық орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму қоры. Осы Қордың мақсаты – «Белдеу және жол» бастамасына қолдау көрсету. Қор Қытайдың, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасына қатысатын басқа да елдердің экономикалық дамуына, сондай-ақ олардың арасындағы байланыстарды арттыруға жәрдемдеседі.
SRF нарық қағидаттары мен кәсібилікке негізделе отырып, әлемнің түрлі георгафиялық нүктелерінде тікелей шетелдік инвестициялар жасайды. Қор инфрақұрылым, энергетика мен ресурстар, өнеркәсіп пен қаржы қызметтері сияқты ауқымды секторларда тәуекелдер мен кірістіліктің тиімді арақатынасына ие жобаларға назар аударады. Қор инвестициялық қызметті, ең алдымен, акционерлік капиталға тікелей инвестициялар, сондай-ақ борышты қаржыландыру және басқа да қорларға инвестициялар секілді түрлі әдістермен іске асырады. Жібек жолы қоры сонымен бірге ұлттық немесе халықаралық қаржы мекемелерімен бірлесіп инвестициялық қорлар құруға және демеушілік көрсетуге уәкілетті.
Шанхай қор биржасы
Шанхай қор биржасы (SSE) 2017 жылдан бері АІХ-тің стратегиялық серіктесі болып келеді. SSE АІХ стратегиясы, технологиясы, бизнес-жоспарлау, өнім әзірлеу ісіне елеулі үлес қосып келеді, нарықтағы даму мен өтімділіктің өсуі бойынша құнды ақпарат ұсынады. Жұрт назарындағы «Белдеу және жол» бастамасы SSE мен AIX-ке арналған ортақ басым міндеттердің бірі. Сайтқа кіріңіз
Nasdaq
Nasdaq АІХ-тің акционері және технология мәселелері жөніндегі негізгі серіктесі. Nasdaq АІХ-ке халықаралық және отандық инвесторларға қаржы құралдарына жеңіл әрі қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз ететін трейдинг технологиясын ұсынды. Nasdaq Matching Engine – бұл тиімді өндірімділікті мол функционалдық мүмкіндіктермен үйлестіретін сауда жүйесі. Сайтқа кіріңіз