1. Бас бет
  2. Компания туралы
  3. Біз туралы
  4. AIX Дамуы
  5. Белдеу және Жол сегменті

Белдеу және Жол сегменті

Қазіргі уақытта AIX Белдеу және Жол арнайы сегментін дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Нарықтың негізгі қатысушыларымен серіктестік қатынастар орнатылды: Қытай шетелдік даму қауымдастығы (CODA), China Chengxin International Credit Rating Co., Deheng Law Offices, PwC Kazakhstan, China Construction Bank және CITIC Securities – Қытайдағы ең ірі брокер және инвестициялық банк.

2020 жылғы 20 наурызда Қазақстанда алғаш рет қытай юанінде номинацияланған облигациялар AIX ресми тізіміне енгізілді. Листинг бір уақытта Гонконг биржасында жүзеге асырылды. Қытай құрылыс банкі Астана филиалының «Falcon» облигациялары институционалдық кәсіби инвесторлар үшін ғана қолжетімді. Түскен қаражат жергілікті инфрақұрылымдық жобалар мен Қазақстандағы «Белдеу және Жол» бастамасының жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады.

«Белдеу жәене Жол» сегменті туралы толығырақ мына сілтемеде