Astana International Exchange (AIX)
Astana International Exchange (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX миссиясы – бизнес пен инвесторларға инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде сенімді және өтімді капитал нарықтарын дамыту.
AIX ағылшын құқығының юрисдикциясындағы халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. Биржа 45-дан астам жергілікті және халықаралық сауда мүшесі кіретін дамыған экожүйенің арқасында инвестицияларға қолжетімді сенімді және қауіпсіз сауда инфрақұрылымын ұсынады.
AIX акционерлері – АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы.