Astana International Exchange (AIX) биржасы 2021 жылғы қыркүйектегі ай сайынғы нарықтық белсенділікке шолу ұсынды.
AIX биржасындағы сауда-саттық көлемі
AIX-тегі сауда-саттықтың жалпы көлемі 2021 жылғы қыркүйекте 20 718 873 АҚШ долларын құрап, өткен аймен салыстырғанда 71,2%-ға өсті. AIX биржасындағы белсенділіктің артуы жалғасын табуда – 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы сауда-саттық көлемі өткен жылдың алғашқы тоғыз айдағы сауда-саттық көлемімен салыстырғанда 3,7 есе ұлғайды.
Эмитенты, брокеры, счета
2021 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай бойынша AIX ресми тізіміне 64 түрлі эмитенттің 108 құнды қағаз шығарылымы, оның ішінде 2 ETF (Exchangetradedfunds) және 15 ETN (Exchangetradednotes) енді. AIX биржасының сауда мүшелері қатарында 18 қазақстандық және 11 халықаралық брокер бар. АХҚО биржасының орталық депозитарийінде инвесторлардың 145 мыңнан астам шоты ашылды.
Қыркүйек айында AIX биржасында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Мобильный мир» ЖШС-нің, сәйкесінше 100 млн және 25 млн АҚШ долларын құрайтын долларлық облигациялар листингісі өтті, сонымен қатар, Freedom Finance-пен бірлесе отырып, «FixedIncome USD» инвестициялық қорының жергілікті интервалдық үлестік табыстылығы көрсеткіштеріне байланыстырылған Freedom Finance IUIF FixedIncome USD биржалық нотасы листингтелді.
Ағымдағы құралдардан бөлек, AIX-те қыркүйек айында Halyk Finance-пен бірлесіп, Qazaq Index (AIXQI) индексіне байналыстырылған екі биржалық нотасы листингтелді: а) активтердің барлығын дерлік AIXQI – AIX Qazaq Index (QZP) индексі бойынша белгіленген пропорцияда қазақстандық акцияларға инвестициялайтын пассивті инвестициялық тәсілді бижалық нота; b) AIXQI-ға енген құнды қағаздарға, сондай-ақ, AIX – AIX Qazaq Index Active-те (QZA) листингтелген басқа да құнды қағаздарға қаражат құятын инвестициялық менеджердің белсенді басқаруы есебінен AIXQI-ді басып озуға бағытталған белсенді басқарылатын инвестиция құралы.
Қыркүйек айының соңында AIX-те үлес құралдары листингісі бар компаниялардың (Kazatomprom, Polymetal, Halyk Bank, Ferro-Alloy Resources Limited, Банк ЦентрКредит, Kaspi.kz, Kcell) жалпы нарықтық капиталдандыруы 44 млрд АҚШ долларынан асты.
AIXQI индексі
Қыркүйек айы AIXQI индексі үшін жоғары құбылмалылықпен сипатталды – 15 қыркүйекте уран бағасының раллиі аясында Қазатомөнеркәсіп акцияларының айтарлықтай (23,28%-ға) өсуіне байланысты индекстің мәні рекордтық 1103,29 пунктке жетті.
Алайда, индекс осы деңгейде орныға алмады және қыркүйек айының ортасынан төмендей бастады, оған уран нарығындағы кейінгі түзету, қор нарығындағы ФРЖ-нің сандық жұмсарту (QE) бағдарламасын біртіндеп кері қайтару жоспарына байланысты жалпы негативті көңіл-күй және Қытайдағы энергетикалық дағдарысқа байланысты Polymetal (15,06%-ға) және Central AsiaMetal (10,63%-ға) бағаларының айтарлықтай төмендеуі себепші болды. Энергия тасымалдаушы бағасының өсуіне байланысты инвесторлар электр энергиясының жеткіліксіздігіне төтеп бере алмайтын өндірістерден кетуге бейім, бұл түсті металл өндірушілерінің акцияларының әлемдік деңдейде төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл тұрғыда мұнай бағасының жоғарылауы KazTransOil-дің баға көрсеткіштеріне оң әсер етіп, 5,2%-ға өсті.
AIXQI индексіне кіретін банк секторы компанияларының акциялары жалпы динамикасыз өзгерді – Kaspi (6,53%-ға) және Halyk Bank-те (2,09%-ға) төмендеді, ал Банк ЦентрКредитте 2,49%-ға өсті. Сонымен қатар, Қазақтелеком өсімді көрсетті – баға белгілеулері 2,21%-ға өсті. Қыркүйек айын 1,034,42 пунктінен бастаған AIXQI тұрақсыз айды 1031,61 пунктімен аяқтады, бұл көрсеткіш қыркүйектің соңындағы қорытынды бойынша 0,27%-ға шамалы төмендеуді көрсетті.