$13.5 млн сомасына BI Development облигациялары AIX-те сәтті орналастырылды

27 Қыркүйек 2023

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 6 қыркүйекте Қазақстандағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі BI Development купондық облигацияларды шығару бағдарламасын тіркегенін қуана хабарлайды. Компания өтеу мерзімі 2024 жылдың қыркүйегінде және жылына екі рет төленетін купондармен, 8,5% пайыздық мөлшерлемемен 13,5 млн АҚШ доллары сомасына бағалы қағаздардың бірінші траншын орналастырды. Бір облигацияның номиналды құны 100 АҚШ долларын құрайды. 

«Jusan Invest» АҚ мен «Halyk Finance» АҚ BI Development облигациялары шығарылымының бірлескен букраннерлері болды.

«2020 жылдан бастап BI Development халықаралық бағытты, атап айтқанда Өзбекстан Республикасындағы жобаларды белсенді түрде дамытуда. Біз Өзбекстанда үлкен әлеует көріп отырмыз және жиналған қаражатты жаңа жобаларға инвестициялауға жұмсамақшымыз. Біз нарық қатысушыларының BI Development пен біздің стратегиямызға сенетініне қуаныштымыз. AIX, Jusan Invest және Halyk Finance командаларына тиімді жұмысы үшін алғыс айтамыз», – дейді BI Development қаржы директоры Руслан Ембергенов.

«Біз AIX-тің BI тобы компаниялары қаржыландыруды тарту үшін пайдаланатын негізгі платформаға айналғанына қуаныштымыз. Бұл BI Development компаниясының AIX биржасында тіркеген бірінші бағдарламасы емес – облигацияларды сәтті орналастыру қазақстандық бөлшек инвесторлардың сенімді қазақстандық эмитенттердің борыштық құралдарына қызығушылығын көрсетеді», – дейді AIX Басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова.

«Jusan Invest компаниясының негізгі мақсаттарының бірі – елдегі брокерлік нарықты дамыту және халық арасында инвестициялауды танымал ету. Біз клиенттерге капиталды жинақтауға және портфельді әртараптандыруға арналған түрлі құралдарды ұсынамыз. Жетекші эмитенттермен серіктес болғанымызды мақтан тұтамыз және BI Development-ті өз индустриясындағы көрнекті компанияның жарқын үлгісі деп санаймыз», – деп Jusan Invest Басқарма төрағасы Тимур Салимов атап өтті.

«BI Development облигацияларын сәтті орналастыру қазақстандық бөлшек инвесторлардың жоғары кірісті борыштық құралдарға деген қызығушылықтары бар екенін көрсетеді. Halyk Finance Қазақстандағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі BI Development-пен ынтымақтасуға өте қуанышты және компанияны борыштық капитал нарығындағы жоғары мөлшерлемелер жағдайында қолайлы баға параметрлері бойынша облигацияларды сәтті орналастыруымен құттықтайды. BI Development-ке бізге сенім артқаны үшін алғыс білдіреміз және одан әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз», – деді «Halyk Finance» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Роман Әсілбеков.

Құрылыс ​​компаниясының инвестициялық тартымдылығы – оның Қазақстан нарығында құрылыс және инжиниринг салаларындағы 28 жылдан астам тұрақты қызметінде. BI Group-тың 2021 жылдан бері міндеттемелерді табысты өтеу мен облигацияларды шығаруда біраз тәжірибесі бар.

BI Development корпоративтік қаржы директоры Нұрлан Оңғарбаев:

«Шығарылған алғашқы күннің өзінде біздің компанияның орналастырылған бағалы қағаздарының жартысы сатылды. Облигациялар – дәстүрлі инвестициялауға, атап айтқанда, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 1%-дан аспайтын долларлық депозиттерге және құбылмалылығы жоғары, белгіленген жоғары кірісті, төлемдері 6 ай сайын төленетін акцияларға тамаша балама. Дегенмен, біздің инвесторларды табыс қана емес, сонымен қатар BI Group компаниялар тобының сенімділігі мен берік беделі, танымал бренд, нарықты жақсы түсінуі және бизнесті жүргізудегі сыннан өткен тәжірибесі қызықтырады», – деді.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

BI Development – ​​2001 жылы құрылған және BI Group холдингінің еншілес ұйымы. BI Development қызметінің негізгі бағыттары тұрғын үй, коммерциялық орынжайларды салу, сондай-ақ салынған нысандарға сервистік қызмет көрсету болып табылады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz