ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын сатып алуға өтінімдерді жинау AIX-та жүзеге асты

12 Қараша 2018

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржасы (бұдан әрі – «AIX») Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан AIX алаңында Еуромен белгіленген еурооблигацияларды сатып алуға өтінімдер жинауды жүзеге асырғанын хабарлайды. Шығарылым өтеу мерзімі 2028 жылға дейін және жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,375% болатын 525 млн. еуро сомасына облигацияларынан құралды. ВCC Invest Қазақстан нарығына арналған шығарылымның ұйымдастырушысы ретінде қызмет атқарды.

Осы орналастыру AIX үшін бірінші және еурооблигацияларды соңғы рет 2015 жылы орналастырған ҚР үкіметі үшін де айшықты оқиға болып табылады, бұл халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың Қазақстанға қызығушылығын жаңғыртуға мүмкіндік береді. 

Тимоти Беннетт, AIX Басқарма төрағасы:

«Еурооблигацияларды орналастыруға арналған платформа ретінде AIX-тің таңдап алынуы үкіметтің жаңа биржа алаңына деген сенімділігін растайды және сонымен қатар банктер мен брокерлік компанияларды AIX-тің қатысушысы атануға ынталандырады. Облигацияларды шығару, әсіресе ағымдық нарық конъюнктурасын жағдайында капиталдың негізгі көзі болып саналады. AIX осы сегментті дамытудың негізгі құраушысы болып саналады. Біз халықаралық стандарттарға сай келетін эмитенттер үшін платформа ұсынамыз, сондай-ақ жергілікті және де халықаралық инвесторлар үшін әртүрлі нұсқаларды ұсынамыз», – деп өз пікірін білдірді.

Анықтама ақпарат:

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz

AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы 
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]