Қантар айында AIX-тегі сауда-саттық көлемі 1,7 млн АҚШ долларын құрады (677 млн теңге)

03 Ақпан 2020

Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2020 жылдың 1-31 қантар аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 1,786,767.39 АҚШ долларын құрады (677,415,211.45 теңге [1]).

Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:

Бағалы қағазАйдың қор-сы бойынша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %Айдың қор-сы бойынша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %Айдың қоры-сы бойынша сатылатын акц-дың саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %2019 жылғы мәм-дің жалпы саны2019 жылғы мәм-дің жалпы көлемі
Акционерлік кірісі бар қағаздар
HSBK5-64,29%KZT 28 460 037,20100,69%200 57080,65%5KZT 28 460 037,20
HSBK.Y2150,00%USD 136 118,3217,91%9 5109,60%21USD 136 118,32
KAP135-28,95%KZT 141 162 130,00-20,11%28 783-17,30%135KZT 141 162 130,00
KAP.Y29190,00%USD 398 297,8910,05%30 97311,24%29USD 398 297,89
POLY11-8,33%USD 204 619,37-0,21%12 720-4,53%11USD 204 619,37
Тіркелген кірісі бар қағаздар
FRHC.12226N/AUSD 600 000,00N/A6N/A6USD 600 000,00
[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің сауда күніндегі ресми бағамы қолданылды.

Анықтамалық ақпарат:

AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz