Қазақстан журналистері АІХ-те сауда күнінің салтанатты ашылуына қатысты

07 октября 2022

Қазақстанның іскерлік және жаңалықтар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері АІХ-те Халықаралық инвесторлар апталығына орайластырылған сауда күнінің ашылуы салтанатына қатысты. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесіне жұртшылық назарын аудару мақсатында сауда-саттықты салтанатты түрде бастау рәсімі бүкіл әлемдегі көптеген биржаларда жыл сайын өткізіледі.

AIX басқармасының  төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Отандық журналистердің еліміздегі қаржы нарығының қызметі туралы объективті түрде баяндауға қосып жүрген үлестерін атап өткіміз келеді. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа ақпараттық арналар қаржы ұйымдарының өз аудиториясына шынайы ақпарат жеткізуіне көмектесуде, әсіресе контент құру кеңінен таралып отырған қазіргі уақытта бұның маңызы зор».

Халықаралық инвесторлар апталығын қор нарығының реттеушілерін біріктіретін халықаралық ұйым – Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO) аясында қаржылық реттеушілер жыл айын әлемнің 100 елінде өткізеді. IOSCO мүшелері 115-тен аса юрисдикцияда әлемдік бағалы қағаздар нарығының 95%-ынан артығын реттейді. Халықаралық инвесторлар апталығының ұйымдастырушысы — «Астана» халықаралық қаржы оралығының (АХҚО) Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (АФСА). Биыл АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығының басты тақырыбы орнықты қаржыландыру болып табылады.

АІХ-те сауда күнінің салтанатты басталуы рәсімінен кейін жекешелендіру және ІРО бойынша сессия өтті, оған «Самұрық-Қазына» қорынан, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынан, «Қазпошта» акционерлік қоғамынан, сондай-ақ Freedom Broker, Halyk Finance, BCC Invest және Sky Bridge Invest брокерлік компанияларынан спикерлер қатысты. 17 қыркүйектен бастап «Самұрық-Қазына» қорының бастамасы бойынша Қазақстанның 60-тан аса қаласында халықпен және өндірістік кәсіпорындардың жұмыскерлерімен осындай 100-ге жуық кездесу өтті.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы сенімді инвестициялық орта қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  — жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін айқын және қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады.www.aifc.kz