Қазатомөнеркәсіптің AIX-тегі қайталама орналастырылуы жергілікті және халықаралық инвесторлар тарапынан жоғары сұранысты көрсетті

27 Қыркүйек 2019

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2019 жылғы 26 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ («Самұрық-Қазына») «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп») жай акциялары түріндегі 9,86 млн жаһандық депозитарлық қолхаттрады  (ЖДҚ) Лондон қор биржасы («ЛҚБ») мен AIX-те өтінімдер кітабын (Accelerated bookbuilding) жедел қалыптастыру арқылы сатты.

«Самұрық-Қазына» 1 ЖДҚ-ға 13,00 АҚШ доллары бағасымен жай акцияларға иелік етуге құқық беретін барлығы 9 863 021 ЖДҚ (1 ЖДҚ 1 жай акцияға тең) сатты.

Нәтижелер мына кестеде көрсетілген:

Биржа Инвесторлар ЖДҚ Сатылымнан түсім (USD) %
ЛҚБ 4,840,000 62,920,000 49
AIX 5,023,021 65,299,273 51
Халықаралық 1,660,000 21,580,000 17
Қазақстандық 3,363,021 43,719,273 34
ЖИЫНЫ 9,863,021 128,219,273 100

AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті:

«Орналастыру нәтижелері AIX-ті Қазақстандағы жергілікті және халықаралық инвесторлар үшін біріктірілген нарық ретінде құру туралы шешімнің дұрыстығын растайды және біздің соңғы жылда нарықты дамыту жолында қол жеткізген жетістіктерімізді дәлелдейді. Қазақстандық инвесторлардың сұранысы толығымен қанағаттандырылғаннан басқа, қайталама орналастыру асындағы өтінімдердің жартысынан көбі AIX арқылы жүзеге асырылды, олардың үштен бірі халықаралық инвесторлардың өтінімдері болды».

Жалпы алғанда, қайта орналастыру аясында жергілікті инвесторлар 43,7 миллион АҚШ доллары сомасына бағалы қағаздарды сатып алды (салыстыру үшін, 2018 жылғы қарашадағы «Қазатомөнеркәсіп» IPO-сы кезінде жергілікті инвесторлар сатып алған бағалы қағаздар сомасы 63,8 миллион АҚШ долларын құрады).

Биржа басшысы осыған байланысты:

«Бұл – біздің қазақстандық инвесторлардың базасын дамытуда қол жеткізген прогресті көрсететін маңызды жетістік», – деп атап өтті.

J.P. Morgan Securities plc жалғыз жаһандық үйлестіруші және ЛҚБ-дағы бірлескен букраннер ретінде әрекет етті. «Halyk Finance» АҚ AIX-тегі бірлескен букраннердің үйлестірушісі болды, ал Renaissance Securities (Cyprus) Limited – ЛҚБ мен AIX-тегі бірлескен букраннер болды. Олардың әрқайсысы халықаралық және қазақстандық инвесторларға арналған орналастыруды ұйымдастыруға жауапты болды.

Жай акциялармен сауда-саттық, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ЖДҚ шартты сауда-саттығы AIX-те 2018 жылдың 14 және 18 қарашасында басталды, орналастыруда 1 ЖДҚ үшін 11,60 АҚШ доллары бағасы белгіленді.

Анықтама ретінде:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қражы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО,  GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы,  Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа осылайша, инвестициялау үшін сенімді шарттарды қамтамасыз ете отырып, жалпы ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруға тарту үшін түсінікті әрі тиімді талаптарды ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды. АХҚО құру туралы конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеттері елдің экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды ортаны құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялауды қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]