Astana International Exchange (AIX, Биржа) 2020 жылғы 20 наурызда Қытай құрылыс банкінің Астана филиалының (CCB Astana Branch) Қазақстандағы юаньмен көрсетілген алғашқы облигациялары («Falcon» облигациялары) AIX ресми тізіміне енгізілгенін қуана хабарлайды. Листинг бір мезетте Гонконг биржасында жүзеге асырылады. Шығарылым өтеу мерзімі 2022 жылдың наурыз айына белгіленген және жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2.95% болатын жалпы сомасы 1 млрд (63 млрд теңгеге жуық[1]) қытайлық юаньмен көрсетілді. Облигациялар тек кәсіби инвесторларға қолжетімді. Түскен қаражат жергілікті инфрақұрылымдық жобалар мен Қазақстандағы «Белдеу және Жол» бастамасының жобаларын қаржыландыруға жұмсалады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов былай деді:
«CCB Astana Branch облигацияларының листингі – «Белдеу және Жол» жаһандық бастамасының аясындағы Қазақстан-Қытай қаржылық ынтымақтастығының маңызды нәтижесі. Бұл АХҚО, Қазақстан және Орталық Азиядағы юаньның есеп айырысу нарығын одан әрі дамытуға ықпал ететін маңызды кезең».
AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті:
«AIX юаньмен көрсетілген алғашқы облигацияның AIX-тегі листингін құптайды, ол AIX-тегі «Белдеу және Жол» сегментінің алғашқы қаржы өнімі болып табылады. Бұл Қазақстан экономикасының дамуына және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін «Белдеу және Жол» бастамасының жобаларын қаржыландырудың инновациялық үлгісі».
Ван Сонхуа, China Construction Bank Астана филиалының президенті былай деді:
«China Construction Bank Corporation-ның Орталық Азиядағы алғашқы ресми өкілдігі – Астанадағы филиалы екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аясында юаньмен алғашқы облигацияны («Falcon» облигациясы) сәтті шығарды. CCB Астана филиалы Қытай Президенті Си Цзиньпиннің және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арасындағы екіжақты келіссөздерінің нәтижесінде қол қойылған Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты валюталық есеп айырысуларды дамыту қағидаттарын айқындалған коммюнике шеңберінде АХҚО және AIX-пен жұмыс істейтін болады».
АХҚО 2013 жылы «Белдеу және Жол» бастамасы туралы алғаш рет айтылған Қазақстанда Қытай юаньы үшін өңірлік есеп айырысу орталығы болуды көздейді.
AIX-тің «Белдеу мен Жол» сегменті облигациялар, акциялар мен басқа да өнімдерді қоса алғанда, бағалы қағаздар листингтен өтіп, юаньмен саудаланатын есеп айырысу орталығының негізгі бөлігі болып табылады. AIX бағалы қағаздарды юаньмен орналастыратын әр түрлі эмитенттер санының артуын күтеді, бұл AIX-тің Орталық Азия елдері үшін юаньмен көрсетілген бағалы қағаздардың листингі мен саудасының негізгі орталығы ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
CCB Astana Branch – АХҚО юрисдикциясында тіркелген шетелдік коммерциялық банктің алғашқы филиалы, 2019 жылы АХҚО-дағы юаньмен операциялар жүргізетін клирингтік банк болып тағайындалды.
[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің листинг күніндегі ресми бағамы қолданылды.
Анықтама:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты — халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
CCB. China Construction Bank Corporation – Қытай Халық Республикасындағы «Үлкен Төрттіктің бір»і. S&P Global Market Intelligence 2019 жылға арналған есебіне сәйкес, CCB активтерінің көлемі бойынша әлемдегі екінші ірі банк болды. Компания жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және басқа клиенттерге депозиттер, несиелер, қорларды басқару, валюта айырбастау және басқа да қызметтерді ұсынады. Банк Қытайдың ішкі нарығындағы өзінің үлкен ресурстарын және географиялық артықшылығын пайдалана отырып, өзінің корпоративті клиенттерінің және жеке клиенттерінің шетелде банктік операцияларды жүргізудегі қажеттіліктерін, сондай-ақ өзінің шетелдік клиенттерінің Қытайдағы банктік және қаржылық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін банктік және қаржылық қызметтердің халықаралық платформасын ұсынуға тырысады.
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]