AIX-тің 2019 жылдың шілде айындағы сауда қызметіне шолу
AIX 2019 жылдың 1-31 шілдесі аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген мерзімде сауданың жиынтық көлемі 3 011 435.38 АҚШ долларын құрады (1 154 274 327.13 теңге[1]).
Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») жай акциялары бойынша айналым 1 028 014 080 теңгені (611 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен («ЖДҚ», «KAP.Y») 296 360.63 АҚШ доллары сомасына 21 мәміле жасалды.
Polymetal International Plc. (POLY) жай акциялары бойынша айналым 33 053.90 АҚШ долларын (3 мәміле) құрады.
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:
Бағалы қағаз | Айдың қоры-сы бой-ша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қоры-сы бой-ша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қоры-сы бой-ша сатыла тын акциялар дың саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | 2019 жылғы мәміле лер дің жалпы саны | 2019 жылғы мәмілелер дің жалпы көлемі |
KAP | 611 | 32.25% | KZT 1,028,014,080 | 16.71% | 188,233 | 13.16% | 3 927 | KZT 6,284,858,470 |
KAP.Y | 21 | 40% | USD 296,360.63 | 98.07% | 20,203 | 89.24% | 170 | USD 2,260,763.64 |
POLY | 3 | -81.25% | USD33,053.90 | -89.23 | 2,652 | -90.43% | 34 | USD 20,680,014.00 |
Анықтамалық ақпарат:
AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің сауда күніндегі ресми бағамы қолданылды.