Шетелдегі жылжымайтын мүлік нарығының көрсеткіштерін қадағалайтын биржалық ноталар АІХ-те листингтелді

02 Қараша 2022

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») базалық активі Vanguard Real Estate ETF («VNQ») акциялары болып табылатын жаңа iX US Real Estate Exchange Traded Notes биржалық ноталарының («Ноталар») листингі өткенін қуанышпен хабарлайды. Ноталардың эмитенті – арнайы мақсаттағы iX US Real Estate SPC Limited компаниясы («SPC»), ал оның жалғыз активі – жылжымайтын мүлік нарығына қатысы бар ең өтімді қорлардың бірі VNQ биржалық қорының акциялары. VNQ биржалық қорының бүкіл әлем бойынша: АҚШ, Канада, Еуропа мен Азияда жылжымайтын мүлікке иелік ететін 160-тан аса компанияда үлесі бар.

АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров:   

«VNQ ірі, орташа және шағын капиталдандырылған инвестициялық жылжымайтын мүлік қорларын (REITs) қамтиды. Бұл ноталарға инвестиция салу жылжымайтын мүлік секторына инвестициялау мен әртараптандыру және инфляциядан қорғау есебінен кіріс алып, ұзақмерзімді өсуге ұмтылатын инвесторлар үшін тиімді құрал болмақ».

Базалық актив сақталатын кастодиан-банк – Jusan Bank, ал аудит жүргізетін фирма – Russel Bedford A+ Partners.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнес үшін қаржыландыру тартудың айқын және пайдалы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекітілу.www.aifc.kz