«ЦентрКредит-валюталық» үлеспұл қорының биржалық ноталары АІХ-те орналастырылды

25 ноября 2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») және «BCC Invest» BCC Global Exchange Traded Notes Қазақстандағы аса ірі үлеспұлдық инвестициялық қор — «ЦентрКредит-валюталық» көрсеткіштеріне байланыстырылған жаңа BCC Global Exchange Traded Notes биржалық ноталарының (“ETN”, “Ноталар”) листингі туралы хабарлайды. Ноталарды (“SPC”) — Global Fund A SPC Limited арнайы мақсаттағы компаниясы жетекші жергілікті брокерлердің бірі «BCC Invest» АҚ-пен ынтымақтастықта шығарды. Бұл SPC ноталары «ЦентрКредит-валюталық» интервалдық үлеспұлдық қорының үлеспұлдары мен азғана ақшалай қаражат бөлігінен тұрады. Ноталар АІХ-те әдеттегі бағалы қағаздар сияқты саудаланады; BCC Invest маркетмейкер ретінде болып, нарықтағы өтімділікті қамтамасыз етеді.

AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп түсіндірді:

«Біздің сауда мүшелерімізбен ынтымақтастық – біздің табысты дамуымыздың негіздерінің бірі. BCC Invest-пен ынтымақтастықта осы биржалық ноталарды листингтеу АІХ-тің жергілікті инвесторлар мен біздің брокерлеріміздің клиенттері үшін мүмкіндіктерді дамытуға бейілділігін көрсетеді. Жергілікті инвесторлар өздері үшін ыңғайлы уақытта инвестициялап, BCC Global ноталарын саудалай алады.»

BCC Invest басқармасының төрағасы Нұрлан Қаламхатов былай деп атап өтті:

«Біз АІХ-пен өзара пайдалы ынтымақтастықты жоғары бағалайыз. Бөлшек сауда инвесторлары үшін қолжетімді құралдардың анағұрлым кең спектрін ұсыну бағалы қағаздар нарығының тиімді жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз табыстылығы тиянақталған USD-дағы құралдарға бөлшек сауда инвесторларының қызығушылығы өсетінін болжап отырмыз, бұл АІХ-тің екіншілікті нарығындағы өтімділіктің артуына оң ықпал етеді. Біздің ұйымдарымыз арасындағы одан арғы табысты серіктестікке сенім артамыз».

«Сбербанк России» АҚ-тың Қазақстандағы еншілес банкі базалық активтердің сақталуын қамтамасыз ету үшін кастодиан болып, ал CROWE Kazakhstan — SPC үшін аудиторлық компания болып тағайындалды.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасы да болып табылатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығының юрисдикциясындағы нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы — жеке және мемлекеттік бизнес үшін қаржыландыру тартудың айқын және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді дамытады, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады. Анағұрлым толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz 

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». www.aifc.kz