«УНИВЕР Капитал» ресейлік брокері AIX сауда мүшесі болды

03 Қыркүйек 2019

Astana International Exchange («AIX») ресейлік «УНИВЕР Капитал» брокері AIX сауда мүшесі болғанын хабарлайды. «УНИВЕР Капитал» инвестициялық компаниясы клиенттерге қаржы құралдарымен сауда жасау бойынша брокерлік қызметтердің толық спектрін ұсынады.

AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт:  

«Қор нарығында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген «УНИВЕР» инвестициялық тобы инвесторлар арасында да, кәсіби қоғамдастықта да сенімді серіктес беделіне ие болды. Біз AIX жаңа сауда мүшесін қарсы алуға қуаныштымыз және Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына инвесторларды тартуда жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз».

«УНИВЕР Капитал» ЖШҚ Бас директоры Асхат Сағдиев былай деп мәлімдеді:

«Біз үшін AIX биржасында құрылған экожүйеге қосылу-бұл жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларды ашатын стратегиялық маңызды қадам. Astana International Exchange шетелдік және қазақстандық инвесторларға Орталық Азияда теңдесі жоқ және нарықтың кәсіби қатысушыларының қызығушылығын тудыратын халықаралық стандарттар технологияларын ұсынады».

Қазіргі уақытта 16 қазақстандық, сондай-ақ Ресейде, Еуропада және Азияда инвесторларға қызмет көрсететін 5 халықаралық брокерлер AIX сауда мүшелері болып табылады.

Анықтамалық:

«Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

«УНИВЕР Капитал» ЖШҚ. 1995 жылдан бастап қор нарығында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын «УНИВЕР» Инвестициялық тобына кіреді. «УНИВЕР»» инвестициялық тобының миссиясы қызмет көрсетудің жоғары сапасын және активтерді басқарудың сенімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологиялардың, қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесінің көмегімен қор нарығында қызметтердің кең спектрін іске асыру болып табылады.  «УНИВЕР Капитал» ЖШҚ «Мәскеу биржасы» АҚ-да 11 трлн.руб. астам сауда айналымы бар ресейлік ТОП-5 брокерге кіреді. 2018 жылы «Эксперт РА» РА несие қабілеттілігінің рейтингі тұрақты болжаммен ruВВВ+ деңгейінде.

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]