Тамыз айында AIX-тегі сауда-саттық 2,3 млн. АҚШ долларын құрады (881 млн теңге)

02 Қыркүйек 2019

AIX-тің 2019 жылдың тамыз айындағы сауда қызметіне шолу

AIX 2019 жылдың 1-31 тамызы аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген мерзімде сауданың жиынтық көлемі 2 281 456.34 АҚШ долларын құрады (881 094 483.4 теңге[1]).

Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») жай акциялары бойынша айналым 811 388 145.00 теңгені (313 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен («ЖДҚ», «KAP.Y») 112 261.33 АҚШ доллары сомасына 10 мәміле жасалды.

Polymetal International Plc. (POLY) жай акциялары бойынша айналым 67 922.01 АҚШ долларын (10 мәміле) құрады.

Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:

Бағалы қағазАйдың қоры-сы бой-ша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %Айдың қоры-сы бой-ша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %Айдың қоры-сы бой-ша сатылатын акция-дың саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %2019 ж. мәміле-дің жалпы саны2019 ж. мәміле-дің жалпы көлемі
KAP313-48.77%KZT 811,388,  145-21.07%144,430-23.27%4,240KZT 7,096, 246,615.00
KAP.Y10-52.38%USD 112, 261.33-62.12%7,515-62.80%180USD 2,373, 024.97
POLY10233.33%USD 67, 922.01105.49%5,29299.55%44USD 20,747, 936.01

Анықтамалық ақпарат:

AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz

[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің сауда күніндегі ресми бағамы қолданылды.