Сәуір айындағы AIX-тегі сауда-саттық көлемі 4,4 млн. АҚШ долларын (1,9 млрд теңге) құрады

04 Мамыр 2020

Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2020 жылдың 1-30 сәуір аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 4 374 479,87 АҚШ долларын құрады (1 896 852 423,68 тенге [1]), бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 10% -ға көп.

Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:

Бағалы қағазАйдың қор-сы бойынша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс,%Айдың қор-сы бойынша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %Айдың қоры-сы бойынша сатылатын акц-дың саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %2020 ж. мәм-дің жалпы саны2020 ж. мәм-дің жалпы көлемі
Акционерлік кірісі бар қағаздар
KCEL8300,00KZT 42 264 025,00117,2417 170114,6810KZT 61 719 160,00
KCEL.Y8N/AUSD 143 276,02N/A24 223N/A8USD 143 276,02
HSBK4469,23KZT 218 705 581,1426,372 178 40666,7691KZT 492 505 568,99
HSBK.Y7-69,57USD 85 684,22-73,639 607-68,2366USD 713 065,50
KAP31532,91KZT 789 869 520,0040,48134 21320,20876KZT 1 706 390 465,00
KAP.Y42-23,64USD 583 377,91-31,6342 408-37,73193USD 2 950 237,93
POLY26-3,70USD 532 892,0310,0629 619-6,6974USD 1 427 592,47
Тіркелген кірісі бар қағаздар
FRHC.122250,00USD 500 000,000,0050,0021USD 2 100 000,00
ALTN.122210,00USD 97 119,44926,69968877,7812USD 247 412,57
[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің сауда күніндегі ресми бағамы қолданылды.

Анықтамалық ақпарат:

AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz