«Самұрық-Қазына» Қорының ІРО өткізуді жоспарлап отырған компаниялары листинге дайындықтың жағдайы туралы айтып берді

30 ноября 2021

2021-2025 жылдарға арналған Кешенді Жекешелендіру Жоспары шеңберіндегі ІРО қарсаңында «Астана» халықаралық қаржы орталығында («АХҚО») «Самұрық-Қазына» Қорының («Қор») портфельдік компанияларының листингін өткізуге дайындық тәсілдерін талқылауға арналған кеңес өтті. Іс-шараның барысында қор нарығына шығудың мерзімдері, капитал тартудың озық халықаралық іс-тәжірибесін іске асыру мүмкіндіктері, жаһандық инвестициялық қоғамда және Қазақстанда отандық эмитентттерді ілгерілетудің практикалық механизмдері талқыланды.

Қысқамерзімді келешекте ІРО өткзуді көздеп отырған, араларында «Air Astana» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ бар компаниялардың топ-менеджменті жария нарыққа шығудың жағдайы мен орналастыруға қатысты жоспарлары туралы айтып берді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов былай деп атап өтті:

«2015 жылы Елбасы ұсынған мемлекеттік активтерді жекешелендіру стратегиясы тек капитал нарықтарын дамытуға бағытталып қана отырған жоқ, ол сонымен бірге бұл компаниялардың тиімділігін арттыруға және олардың мемлекет үшін жоғары табыстылықты генерирлеулеріне ықпал етеді. АХҚО юрисдикциясы мен инфрақұрылымы жекешелендіру бағдарламасын АХҚО алаңында іске асыру үшін барынша тартымды шартттар ұсынып отыр, бұған «Қазатомөнеркәсіптің» сәтті кейсі дәлел бола алады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев былай деді:

«Ел басшылығы мен Үкімет Қор мен «Астана Халықаралық Қаржы Орталығы» алдына инвестиция тарту және қор нарығын дамыту жөнінде үлкен міндеттер қойып отыр. Қор мен АХҚО ынтымақтастығының басым бағыттарының ең маңыздысы – ірі портфельдік компанияларын AIX биржасында ІРО-ға шығару. Біз жергілікті нарықта «Халықтық ІРО» бағдарламасының жеке элементтерін бейімдеп, халықаралық капитал нарығына шығу жоспарларын бірге пысықтауға әзірміз. Мұндай әдіс жалпымемлекеттік міндеттерге және Қор мен оның компанияларының мүдделеріне сай келеді».

AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бөлшек сауда инвесторлары алда өткізілгелі отырған ІРО-ға қатысудың кең мүмкіндіктерін алулары тиіс. Жария нарық үшін ұсынысты ол барынша қолжетімді болатындай және инвесторларды тек сатып алу мен сатуға ғана емес, сонымен бірге акцияларды портфельде ұстауға да ынталандыратындай етіп құрылымдау керек».

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/