Наурыз айындағы AIX-тегі сауда-саттық көлемі 4 млн. АҚШ долларын (1,6 млрд теңге) құрады, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 30% -ға көп

01 апреля 2020

Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2020 жылдың 1-31 наурыз аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 4 018 846,97 АҚШ долларын құрады (1 657 030 643,61 тенге [1]), бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 30% -ға көп.

Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:

Бағалы қағазАйдың қор-сы бойынша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс,%Айдың қор-сы бойынша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %Айдың қоры-сы бойынша сатылатын акц-дың саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %2019 ж. мәм-дің жалпы саны2019 ж.мәм-дің жалпы көлемі
Акционерлік кірісі бар қағаздар
HSBK2662,50%KZT 173 068569,32139,47%1 306 306175,91%47KZT 273 799987,85
HSBK.Y2353,33%USD 324 973,9895,43%30 239176,76%59USD 627 381,28
KAP23725,40%KZT 562 280280,00163,88%111 662162,46%561KZT 916 520945,00
KAP.Y55-17,91%USD 853 306,83-23,49%68 104-18,12%151USD 2 366860,02
POLY27170,00%USD 484 170,10135,14%31 744157,14%48USD 894 700,44
KCEL2N/AKZT 19 455135,00N/A7 998N/A2KZT 19 455135,00
Тіркелген кірісі бар қағаздар
FRHC.122250,00%USD 500 000,000,00%50,00%16USD 1 600000,00
ALTN.12221-90,00%USD 9 459,45-93,28%99-92,93%11USD 150 293,13
[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің сауда күніндегі ресми бағамы қолданылды.

Анықтамалық ақпарат:

AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz