Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2020 жылдың 1-31 мамыр аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 2 583 161,82 АҚШ долларын құрады (1 078 055 805,74 тенге [1]).
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:
Бағалы қағаз | Айдың қор-сы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс,% | Айдыңқор-сы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қоры-сы бойынша сатылатын акц-дың саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | 2020 ж. мәм-дің жалпы саны | 2020 ж.мәм-дің жалпыкөлемі |
Акционерлік кірісі бар қағаздар | ||||||||
HSBK | 23 | -47,73% | KZT 178 138 321,16 | -18,55% | 1 865 264 | -14,37% | 114 | KZT 670 643 890,15 |
HSBK.Y | 6 | -14,29% | USD 93 321,34 | 8,91% | 10 574 | 10,07% | 72 | USD 806 386,84 |
KAP | 198 | -37,14% | KZT 288396 095,00 | -63,49% | 50 204 | -62,59% | 1074 | KZT 1 994 786 560,00 |
KAP.Y | 30 | -28,57% | USD 331 425,97 | -43,19% | 23 651 | -44,23% | 223 | USD 3 281 663,90 |
KCEL | 11 | 37,50% | KZT 88 785 199,00 | 110,07% | 35 561 | 107,11% | 21 | KZT 150 504 359,00 |
KCEL.Y | 8 | 0,00% | USD 64 040,33 | -55,30% | 11 074 | -54,28% | 16 | USD 207 316,35 |
POLY | 10 | -61,54% | USD 163 543,06 | -69,31% | 8 029 | -72,89% | 84 | USD 1 591 135,53 |
Құрылымдалған өнімдер | ||||||||
IXE | 1 | N/A | USD 269,83 | N/A | 11 | N/A | 1 | USD 269,83 |
IXU | 1 | N/A | USD 568,20 | N/A | 20 | N/A | 1 | USD 568,20 |
Тіркелген кірісі бар қағаздар | ||||||||
FRHC.1222 | 6 | 20,00% | USD 600 000,00 | 20,00% | 6 | 20,00% | 27 | USD 2 700 000,00 |
Анықтамалық ақпарат:
AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz