ЕАДБ АІХ-те 100 млн АҚШ доллары көлемінде 2 жылдық облигациялар орналастырды

21 декабря 2021

Astana International Exchange (AIX, Биржа) Еуразия даму банкі (ЕАДБ) АІХ-те 100 млн АҚШ доллары көлемінде купондық мөлшерлемесі жылдық 1,5%, номиналды құны 1 АҚШ долларын құрайтын 2 жылдық облигациялар орналастырғанын қуана хабарлайды.

Мәміле туралы 13 желтоқсанда, эмитенттермен АІХ ұйымдастырған онлайн-кездесудің барысында құлақтандырылды.

ЕАДБ басқармасының төрағасы Николай Подгузов былай деп атап өтті:

«Біз АІХ-пен серіктестігімізді қошеметтейміз және одан әрі қарай, соның ішінде РЕПО операциялары мен маркетмейстерлік институтты іске қосу бойынша бірлесіп жұмыс істеу жолымен оны дамытуға дайын екенімізді білдіреміз. Банк ЕАДБ қисығын құру жұмысын, соның ішінде АІХ-те 100 млн АҚШ доллары көлемінде 2 жылдық облигацияларды орналастыру есебінен жалғастыратын болады».

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов былай деп атап өтті:

«Еуразиялық даму банкі «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі серіктестерінің бірі болып табылады және Қазақстан мен қатысушы елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Біз AIX-тің Еуразиялық Даму Банкі шығарған борыштық бағалы қағаздар үшің ең колайлы нарығының болғанына мақтан тұтамыз. ЕАДБ AIX-те жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығаруда пионер болып табылады және біз болашақта жемісті ынтымақтастығымызды өрістетуге үміттенеміз».

ЕАДБ басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Иманғалиев Банк эмитент ретінде де, сол сияқты арасында суверенді және квазимемлекеттік эмитенттер бар қазақстандық шығарылымдарды ұйымдастырушы ретінде де АІХ биржасында бірнеше айтулы мәмілені іске асыра алғанын баса атап өтті.

«АІХ-те көлемі 100 млн АҚШ долларын құрайтын ЕАДБ облигацияларын дебюттік орналастыру 2020 жылы өтті. Ағымдағы жылдың қараша айында ЕАДБ үшін тағы бір маңызды ESG сегментінің мәмілесін – көлемі 20 млрд теңге әлеуметтік облигациялардың дебюттік шығарылымын жабуымыздың сәті түсті», – деп хабарлады Данияр Иманғалиев.

ЕАДБ үшін ESG тақырыбының маңыздылығын атап өте отырып, басқарушы директор — Банктің Қорландыру жөніндегі дирекциясының басқарушысы Нәзира Сәтбекова биылғы жылы «жасыл» және әлеуметтік облигациялар шығару бойынша Саясат бекітіліп, оның шеңберінде «жасыл» және әлеуметтік облигациялардың 2 дебюттік шығарылымы орналастырылғанын хабарлады.

«Шығарылымның екеуін де аккредттелген тексеруші растады, ICMA – Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығына «жасыл» облигациялар қосылды, ал әлеуметтік облигацияларды қосу жоспарланып отыр. Инвесторлардың қаражаты Банктің ESG аясындағы жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады, бұл туралы біз Банктің жылдық есебінің шеңберінде есеп беруді жоспарлап отырмыз. Қатысушы елдердегі ESG күн тәртібінде Банктің рөлі өте маңызды және перспективті, біздің міндетіміз осы рөлді күшейте түсу», – деп атап өтті Нәзира Сәтбекова.

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/

Еуразия даму банкі (ЕАДБ) – еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы. ЕАДБ 15 жылдан бері экономикалық байланыстарды нығайту мен кеңейтуге және қатысушы елдер: Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның жан-жақты дамуына жәрдем етіп келеді. ЕАДБ-ның жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. ЕАДБ портфелінде көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машинажасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар негізгі үлесті алып отыр. Өз қызметінде Банк БҰҰ Орнықты даму саласындағы мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады. https://eabr.org/