АХҚО Биржасы сауда-саттық қызметінің апта сайынғы шолуы

26 ноября 2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) 2018 жылдың 19-нан 23 қарашасына дейінгі кезеңдегі сауда-саттық қызметінің апта сайынғы шолуын ұсынады.

Аталған уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қарапайым акцияларымен жалпы көлемі 72 мың 307 акцияны құрайтын жалпы сомасы 321 млн теңгеге 351 мәміле жасалды. Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен  жалпы саны 20 мың 445 акцияны құрайтын 250,4 мың АҚШ доллары сомасына 32 мәміле жасалды. Алдында хабарланғандай, «Қазатомөнеркәсіп» ЖДҚ шартсыз сауда-саттығы 2018 жылдың 19 қарашасында басталған.

Тим Беннетт, AIX Басқармасының төрағасы:

«Өткен аптада «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарының шартсыз сауда-саттығы басталды, бұл – өздігінен Қазақстанның қаржы тарихындағы жаңа бет. Қарапайым акциялардың қосарлы листингі мен ЖДҚ нарық қатысушыларына капиталға қолжетімділік, инвестициялау кезінде валютаны таңдау мүмкіндігі мен өтімділік сияқты қосымша артықшылықтар береді».

Сауда-саттық туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде https://aix.kz/ сілтемесі немесе мобильді құрылғылар арқылы: https://market.aix.kz сілтемесі бойынша Market Watch парағынан ала аласыздар.

Анықтама ақпарат:

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz

AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz